Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Таран Р., Қарағанды облысы бойынша КММ Жастар ресурстық орталығының директоры Ысқақова А. және Қарағанды қаласының КММ ЖРО директоры Джамалов Я. мен студенттер арасында кездесуі өтті


2023 жылдың 10 ақпанында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қабырғасында Қазақстан Республикасы Президентінің Қ.К.Тоқаевтың Жолдауы туралы түсінік беру үшін, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Таран Р., Қарағанды облысы бойынша КММ Жастар ресурстық орталығының директоры Ысқақова А. және Қарағанды қаласының КММ ЖРО директоры Джамалов Я. мен студенттер арасында кездесуі өтті.

Қарағанды облысындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы кездесу барысында спикерлер студенттерді Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырды, сонымен қатар жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды баспанамен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыспен қамту мәселелерін шешу мәселелері бойынша сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Без рубрики