Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы «Offline Day» жобасы бойынша Медиа-волонтерлік тақырыбына арналған алғашқы оқыту семинар-тренингіне қатысты.


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінің волонтер студенттері Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы «Offline Day» жобасы бойынша Медиа-волонтерлік тақырыбына арналған алғашқы оқыту семинар-тренингіне қатысты.

Аталған іс-шара Қарағанды облысында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Тренинг барысынды «Волонтерлік және әлеуметтік жобалар туралы ақпаратты тарату ерекшеліктері» тақырыбын кеңінен ашты.Сонымен қатар,«Мобилография және SMM» тақырыбында оқыту өткізілді .

Кездесу үлкен қызығушылық тудырды, жастар белсенді қатысып, медиа-волонтерлік бойынша сұрақтар қойды.

 

 

Без рубрики