Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасы барлық қызығушылық танытушыларды KRGCTF CTF-байқауына (Capture The Flag) қатысуға шақырады!
Күні: 14 ақпан 2025 жыл
Форматы: Онлайн
Уақыты: 10:00 — 20:00
Қарағанды облысында алғаш рет осындай форматта сізді киберқауіпсіздік бойынша қызықты сынақтар күтеді:
- Рұқсатсыз кіру (Exploitation)
- Криптография (Cryptography)
- Реверс-инжиниринг (Reverse Engineering)
- Веб-қауіпсіздік (Web Security)
- OSINT
- Форензика (Forensics)
- Стеганография (Steganography)
- Программалау (Programming)
46 тапсырма – әрқайсысы 500 баллдан. Барлығы 23 000 баллға дейін жинауға мүмкіндік бар!
Дағдыларыңды шыңдап, қызығушылығы ортақ жандармен танысып, өзіңнің үздік екеніңді дәлелде!
Барлық деңгейдегі қатысушыларға арналған:
- Жаңадан үйренуші болсын, тәжірибелі хакер болсын – өз бағын сынай алады!
- 4 адамға дейін команда құрып немесе жеке қатысуға болады.
Тіркелу ашық: http://185.22.67.24
Толығырақ: Telegram-чаты
Өз бағыңды сынауға дайынсың ба? Дағдыларыңды дәлелдеп, жеңіске жет!
#CTF #Киберқауіпсіздік #KRGCTF #KaragandaCTF #ITSecurity #HackTheFuture