СОҢҒЫ ТӨРТ ЖЫЛДА ( ақпан 2008 ж. — маусым 2012 ж. )
ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН
АСА МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАРЫ
1. ҚАРМТУ ДАМУЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ
1.1. Университеттің динамикалық дамуының негізін ЖОО құрылған және қызметінің барлық бағыттарына табысты ендірілген теңдессіз модельдер құрайды:
1.1.1. ЖОО басқару моделіне ҚарМТУ-дың жыл сайынғы кешенді даму бағдарламасы, Ғылыми кеңес шешімдері, стратегиялық маңызды бұйрықтар, апталық жоспарлар және бөлімшелер басшыларының есептері, сабаққа және куратор сағаттарына қатысу қорытындыларын апталық талдау, оқылған ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалаларды талдау кіреді.
1.1.2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өнегесіндегі Патриоттық тәрбие беру моделі Технологиялық колледж және Техникалық лицей студенттері мен оқушыларын оқытудың бүкіл кезеңінде егеменді мемлекеттің қоғамдық-саяси қызметінің қазіргі заманғы педагогикасымен және практикасымен әзірленген алуан түрлі нысандар мен әдістерді есепке алып, патриоттық тәрбие беруді кешенді жүзеге асыратын тиімді жүйені білдіреді. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімімен осы Модель 50 алдыңғы қатарлы ЖОО-ға және Қазақстанның бірқатар колледждеріне 19 кітаптан және 17 компакт-дисктерден тұратын ақпараттық-әдістемелік материалдар түрінде жіберілді
1.1.3. Студенттердің өзін-өзі басқару моделі – жастар ұйымдарының және студенттер кәсіподағының ресурстарын «Жас Орда» Кәсіптік одағына біріктіретін Университеттің студенттер ұйымының жаңа түрі. Бұл нақты студенттер Парламенті, онда әркім өзінің көзқарасын айта алады, өз проблемаларының шешімін табады және өзінің білім ордасының өміріне белсенді қатыса алады.
1.1.4. Ата-аналармен жұмыс істеу моделі – болашақ маманды қалыптастыру процесін бірлесіп жетілдіруге мүмкіндік беретін, Zimbra пошталық серверінің көмегімен жоғары оқу орнының ата-аналармен өзара тәрбиелеу қарым-қатынасының жаңа технологиясы.
1.1.5. Корпоративті университет моделі – Университеттің білім беру және ғылыми-техникалық қызметінің дамуына қуатты серпіліс берген, Қазақстандағы тұңғыш инновациялық-білім беру консорциумы. Ғылыми зерттеулерінің, инновациялық жобаларының және шаруашылық келісімдерінің өсу динамикасына қарай ҚарМТУ Қазақстанның жетекші ЖОО арасында лайықты орын алады.
1.1.6. Электрондық университет моделі – ҚР Тұңғыш Президенті атындағы электрондық білім беру технологиялары орталығы (қазіргі уақытта – электрондық білім беру технологиялары ҒЗИ), негізгі web-порталдардың: Аралық техникалық оқытатын білім беру порталының; 6500-ден астам электрондық оқу ресурсын қамтитын (курстық кейстер, бейнедәрістер, слайд-дәрістер және электрондық оқулықтар) Ресурстық орталықтың білім беру платформасының жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.
Сәйкес инфрақұрылымды ұйымдастыруға арналған арнайы жабдықтардың жалпы құны 75 млн теңгені құрады.
1.1.7. Техникалық және кәсіптік білім беру моделі – техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік және ғылыми-өндірістік кешені, оның базасында Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген, «Өмір бойы білім алу» басымдылығына басты назар аударып, үздіксіз білім беру принципін практикада іске асырылады.
1.1.8. Әскери-техникалық білім беру моделі, ЖОО қуатты ғылыми-техникалық потенциалын және еліміздегі ең үздік әскери кафедраның материалдық, сондай-ақ кәсіптік базасын үйлестіреді. Модельді құру идеясы ҚР Қорғаныс министрлігінде қолданыс тапты. ҚР ҚМ Әскери білім департаментінің бастамасы бойынша 2011 жылға Заңдар жөніндегі комитет «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізуді жоспарлады, ол ЖОО жанында әскери институттар құру үшін заңды базаны қамтамасыз етеді.
2. КОРПОРАТИВТІ УНИВЕРСИТЕТ – ҮИИД МБ ІСКЕ
АСЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ
2.1. «Корпоративті университет» (КУ) инновациялық-білім консорциумының құрамына өңірдегі 53 жүйе құрушы өнеркәсіптік кәсіпорын кірді, соның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Соколов-Сарыбай кен-байыту бірлестігі» АҚ және т.б. өндіріс алыптары бар.
2.2. Консорциум кәсіпорындарында тек 2011 жылы 1600-ден астам студент кәсіптік практикадан, олардың ішінде 583 – жұмыс орындарында өтті және ағымдағы жылдың 670 түлегі жұмысқа орналастырылды.
2.3. КУ өнеркәсіптік кәсіпорындарының 520 жұмыскерінен ЖОО жанындағы Біліктілікті жоғарылату институтында біліктілікті жоғарылату курсынан өтті.
2.4. Консорциумда шығарушы кафедралардың 41филиалы жұмыс істейді.
2.5. Шаруашылық келісімдердің көлемі 14 есе өсті (2007 ж. 77 млн. тг. бастап 2010 ж. 1054 млн. теңгеге дейін; соңғы 4 жылда – 2,5 млрд тенге).
2.6. Озық шетелдік компаниялар – Корпоративті университеттің мүшелері – ҚарМТУ оқытушылары – ҚарМТУ оқытушылары машықтанудан өтетін, қазіргі заманғы жабдықтар мен технологияларды белсенді ендіреді.
2.7. Кәсіпорындардың жетекші мамандары жоғары және ЖОО кейінгі білім беру мамандықтары бойынша жаңа буынды 14 МЖМБС, 168 типтік оқу бағдарламасын және 39 оқу жұмыс жоспарын жасауда кәсіптік құзыреттерді әзірлеуге белсенді қатысты.
2.8. КУ кәсіпорындары Университетте кадрлардың мақсатты даярлығын қаржыландырады (жыл сайын 450-500 адам). 2011 жылы кәсіпорындар есебінен білім алатын студенттердің контингенті 608 адамды құрады, соның ішінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бойынша – 264 адам.
2.9. КУ кәсіпорындары студенттер мен магистранттар үшін атаулы гранттар мен стипендиялар бөлді: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бойынша – 10 грант; «АрселорМиттал Теміртау» АҚ – 20 стипендия.
2.10. 2011 жылы қазанда МҮИИДБ үшін кадрлар даярлау мәселелері бойынша Корпоративтік Университет кәсіпорындары жетекшілерінің өндірістік кеңестері болды, ҚарМТУ-дың Халықаралық қамқоршылық кеңесі ұйымдастырылды. Оның құрамына алдыңғы қатарлы университет өкілдері, Ресей, Еуроодақ, АҚШ, Канада және Қытайдың ататқты саяси және қоғамдық қайраткерлері, сонымен қатар трансұлттық корпорациялар мен Корпоративтік Университет кәсіпорындарының 18 алғашқы басшылары арасынан 20 астам шетел мүшелері енеді.
3. ҚАРМТУ СЕРПІНДІ ЖОБАЛАРЫ – ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ БАЗИСІ
3.1. Шоғырланған Университеттік инновациялық ғылыми-техникалық кешен (УИҒТК) құрылды, оған 7 ҒЗИ, 35 ҒЗЗ, 3 ғылыми-техникалық орталық, Жастар инновациялық орталығы, Инженерлік бейінді зертхана және құрамында 6 ғылыми-зерттеу зертханасы және инновациялық қызметінің тәжірибесі елеулі 4 ендіру кәсіпорны бар «ПОЛИТЕХ» Технопаркі кіреді.
Аталған кешеннің құрамында «Кен-металлургия секторының және олармен байланысты сервистік салалардың технологиялары және жабдықтары» басым бағыты бойынша – 56-дан астам, дәстүрлі және балама энергетика және ресурс сақтау бойынша – 11, техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 22 инновациялық жоба орындалады.
3.2. УИҒТК жинақы орналасуы үшін ҚарМТУ-да жалпы ауданы 4000 м2 «НІ-ТЕСН» жоғары технологиялары аймағы құрылған.
3.3. Университетте «Көмірсутек және кен-металлургия секторларының және олармен байланысты сервистік салалардың жаңа технологиялары» басым бағыты бойынша «Минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру» инженерлік-бейінді зертханасы (ИБЗ) ашылған және табысты жұмыс істейді. ИБЗ әлемдегі жетекші өндірушілердің қазіргі заманғы аспаптары мен жабдықтарының кең спектрімен жабдықталған және 450 млн теңге сомаға ғылыми әзірлемелерді орындап және сонымен бірге оқу процесінің зерттеу компонентін күшейтіп, мемлекет бөлген 200 млн теңге мөлшеріндегі грантты өтеді.
ҚарМТУ жанындағы Инженерлік бейін зертханасы қызметі республикада ҒЗЖ нәтижелігі және оларды өндіріске енгізу бойынша үздік деп мойындалды. 2011 жылы Зертхана инфрақұрылымын дамытуға 12,5 млн. теңге көлемінде ҚР БҒМ грант бөлінді.
3.4. Өнеркәсіптегі инновациялар мен инжинирингке бағдарланған ҒЗИ табысты жұмыс істейді:
3.4.1. «Қазақстандық дәнекерлеу институты» ҒЗИ, 2010 ж. қазан айында халықаралық деңгейдегі және мұнай-газ саласында және өнеркәсіпте қазіргі заманғы технологиялар трансфертінің мамандарын даярлау үшін, Қазақстан және Франция Президенттерінің шешімімен «ТOTAL» француздық компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылды. 2011 ж. 17 шілдеде Қазақстан дәнекерлеу институты «Әлемдік дәнекерлеу институты» ықпалды клубы мүшесіне қабылданды.
3.4.2. Өнеркәсіптік экология проблемалары ҒЗИ, өнеркәсіптік газдарды пайдаға асырудың және бағалы химиялық шикізат алудың теңдессіз технологияларын жасау саласындағы зерттеулер үшін, Корпоративті Университеттің мүшесі – «Absalut Ecology» ЖШС бірлесіп құрылған. Жұмыстар тәжірибе-өнеркәсіптік сынау деңгейінде және келешекте өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ инновациялық жобасын жүзеге асыру үшін 200 млн. тг. бөлінді.
3.4.3. ҚКҚДИ ҒЗИ, Қазақстан бойынша 1000-нан астам өнеркәсіптік және азаматтық нысандарды қауіпсіз салу және қайта құру бойынша ғылыми-техникалық қамтамасыз етеді, соның ішінде Астана қ. 12 теңдессіз нысаны (Хан Шатыры, Шабыт, Бәйтерек, Тәуелсіздік Сарайы, «Астана арена» стадионы және т.б.). ҚазКДҚИ ҒЗИ ғалымдары мен мамандары Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Еврокодов негізінде құрылыстың нормативтік базасы дайындамасын бастады, бұл халықаралық жобалар практикасын кеңейтуге және құрылыс индустриясына инновациялар енгізуге мүмкіндік береді.
3.5. ҚарМТУ-да «Dart Energy» австралиялық компаниясымен және Қарағанды облысының Әкімдігімен бірлесіп «Метан» жобасын іске асыру басталды, ол тек өңірдің ғана емес, сонымен бірге арзан энергия ресурстары және тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін арттыру есебінен еліміздің әлеуметтік-экономикалық проблемаларының толық кешенін шешуге мүмкіндік береді.
«НІ-ТЕСН» жоғары технологиялары аймағында «Dart Energy» компаниясының өкілдігін орналастыру үшін офис салынған, ол жобаның бірінші кезеңін 100 млн долларға инвестициялайды.
3.6. «Соққылық импульсті диірменде өнеркәсіп қалдықтарынан тұтқыр ұсақ үгіндіні алу технологиясы» жобасы ендіруге дайындалған. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ инновациялық жобасын жүзеге асыру үшін 20 млн. тг бөлді. Механика-химиялық активацияны және модификаторларды пайдаланып, беріктігі жоғары, ұзақ мерзімді бетондарға арналған әр түрлі маркалы сертификатталған тұтқыр заттардың шағын өндірісін ұйымдастыру жоспарланған.
3.7. Үкімет Үйінде орталық жылыту жүйелерінен қашықтағы өнеркәсіптік және тұрмыстық объектілер үшін жоғары тиімді автономдық жылу энергиясы көздерін құру бойынша «Гидродинамикалық жылытқыштар» инновациялық жобасы мақұлдаудан сәтті өтті. Үш қондырғыны пайдаланудың экономикалық тиімділігі жылына 5 млн теңгені құрады. 2010 ж. «Алтын Сапа» сыйлығын тапсыру рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев гидродинамикалық жылытқыштарды Ақ ордада орнатуға бұйрық берді.
Қазіргі уақытта ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен, Қарағанды облысының Әкімдігімен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен экологиялық және қауіпсіз қондырғыларды кеңінен ендіру бойынша жұмыс жүргізіледі.
3.8. ҚарМТУ-да Технологияларды коммерциялау офисі ашылды. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ шешімі бойынша Университеттің бес инновациялық жобасы коммерциялау үшін (профессорлар А.З Исағұлов, Д.О.Байжанов, В.Ф.Демин, М.К.Ибраев және доцент Л.А.Максютин) конкурстық негізде іріктелді.
3.9. ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев шәкірттерінің бірі – «Жаңа материалдар» ҒЗИ директоры Д.П.Хрусталев 2011 ж. «Springer» баспасында монография жарияланды.
3.10. 2011 ж. 15 қарашада «Springer» компаниясының президенті Питер Коберг ҚарМТУ профессоры М.К.Ибраевқа, тағы да ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев шәкірттерінің біріне сертификат тапсырды, онда ол Қазақстанның ең дәйекті жас ғалымы ретінде мойындалды.
3.11.ҚР ҒБМ конкурсының қорытындысы бойынша 2011 жылы ҚарМТУ-дың үш инновациялық жобасын жүзеге асыру бойынша 230 млн. теңге көлемінде грант бөлінді. «ABsalut Ekology»ЖШС-мен бірлесіп, х.ғ.д., профессор А.В. Борисенконың ғылыми жетекшілігімен технологиялық газдарды тазарту үшін қондырғылар, сондай-ақ жаңа физика-химиялық қасиеттері бар материалдар алудың энергия сақтаушы технологияларын жасау бойынша «Технологиялық газдарды тазарту саласындағы жаңа технологиялар» жобасы жүзеге асырылуда.
Г.С. Жетесова «Машина жасау объектілеріне арналған көп функционалды наноқұрылымды жабындар» инновациялық жобасын жасады, ол Алматы қаласында Қазақстанның 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Ғалымдары форумында ұсынылған анағұрлым перспективалы ғылыми жетістіктер қатарына енді.
Кен-металлургиялық кешенді дамытудың басым бағыттарының бірі техногенді минералдық түзілімдерді (аршымалы және сыйыстырушы тау жыныстары, металлургиялық қождар, металлургиялық өндіріс қалдықтары, байыту фабрикаларының қалдықтары, баланстан тыс және кондициялы емес кендер, клинкерлер) қайта өңдеуге жатқызу болды. Осы маңызды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу доцент Н.К. Апачидидің «Металл мөлшерлі техногендік шикізатты қайта өңдеуге арналған планетарлық диірмен» инновациялық жабасын көздейді.
4. АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ – БҰЛ:
4.1. Университеттің дамыған ақпараттық ортасы: соңғы буынды 2800 компьютер, жергілікті желіге біріктірілген 69 компьютерлік оқу класы.
Барлық 12800 білім алушы, сондай-ақ ПОҚ және қызметкерлер үшін 20 Мбит/сек. дейінгі жылдамдықпен Интернетке қатынас қамтамасыз етілген.
Көшірілетін ақпарат көлемі бойынша лимиттер студенттер үшін айына 300 Мб дейін және оқытушылар мен қызметкерлер үшін 750 Мб дейін құрайды.
4.2. 164 автоматтандырылған жұмыс орнына арналған үш электрондық оқу залы, Университеттің электрондық ресурстарына, әлемнің жетекші электрондық кітапханаларына сымсыз қатынау технологиясымен жабдықталған. Қашықтағы пайдаланушыларға Web-модульдің көмегімен жаһандық Интернет желісі арқылы электрондық кітапхана ресурстарына қатынас беріледі. Кітаптар ДБ, ПОҚ электрондық ресурстары, Силлабустар, ОПОӘК, мақалалар сияқты толық мәтінді ресурстарға қатынас жасалған – 13 мыңнан астам құжат.
4.3. Университеттің жаңа сайты, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жедел ақпараты бар, ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы талаптарына жауап береді. ҚарМТУ Вэбометрикс рейтингтік агенттігінің деректері бойынша 2011 жылғы шілдеде әлемнің 17000 университетінің арасында 4098-орынды иеленді (Қазақстандық ЖОО ішінде ҚарМТУжәне ҚБТУ ғана ТОП-5000 кірді).
4.4. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру үшін қазіргі заманғы әдістемесі және ең жаңа мультимедиалық оқыту құралдары бар Ш. Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығы.
2010 жылғы желтоқсанда Қазақстандағы үшінші қытай тілін және мәдениетін зерделеу бойынша Конфуций Институтын ашу туралы келісімге қол қойылды. 2011жылғы қыркүйектен бастап Конфуций Институтында студенттер және ПОҚ үшін қытай тілін және мәдениетін зерделеу бойынша сабақтар өткізіледі.
4.5. Маркетинг және шарттық қатынастар орталығы жүйелі кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізеді.
Университет қазақстандық ЖОО арасында сәйкесінше 6 және 7 орынды иеленіп, гранттар саны бойынша үш жыл қатарынан Орталық Қазақстанда көшбасшылардың бірі болып табылады. 1-курс студенттері контингенті: 2008 ж. – 2346, 2009 ж. – 3898, 2010 ж. – 4238 адамды құрады. Өңірдегі демографиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 2011 жылы қабылдау біршама азайды және 3964 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ҚарМТУ Қарағанды қаласының ең ірі ЖОО болды.
4.6. Болон процесінің департаменті, студенттердің пәндер мен оқытушыны еркін таңдауы, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты (қазіргі уақытта 236 білім алушыны құрайды) қамтамасыз ету бөлігінде Болон декларациясының негізгі принциптерін жан-жақты ендіруді жүзеге асырады. ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы есебінен әлем университеттерінде 139 адам білім алды. Студенттер мен магистранттарды еуропалық ЖОО-да оқыту ECTS типі бойынша кредиттер қайта есепке алынып жүргізіледі. Кафедрааралық байланыстар негізінде еліміздің ішіндегі академиялық ұтқырлық дамып келеді: Қазақстанның ЖОО-мен бакалавриаттың 11 мамандығы бойынша сәйкес шарттарға қол қойылған, олар 139 студенттің ұтқырлығын қамтамасыз етеді.
Erasmus Mundus MANECA академиялық ұтқырлық Халықаралық жобасы бойынша магистранттар Кадырова Татьяна және Юн Андрей Берлин Техникалық Университетінде – 6 және 10 айлық грант, магистрант Тәттімбекова Бақытгүл және докторант Теленкова Екатерина Бельгиядағы Техникалық Жоғары Мектепте 5 айлық оқу грантының иегерлері болды.
4.7. ЖОО кейінгі білімді дамытуда 12 МЖМБС және 24 типтік оқу бағдарламасы әзірленген, PһD докторантурасының 12 мамандығы бойынша лицензия алуға құжаттар дайындалған.
4.8. ҚарМТУ-дың Ә.С. Сағынов атындағы «Білім және ғылымдағы инновациялар» тұрақты жұмыс істейтін көрмесі, онда Университет ғалымдарының аса перспективалы инновациялық жобалары көрсетілген.
4.9. ҚарМТУ-дың халықаралық қызметін жандандыру, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Канада, Австралия, Қытай, БАӘ, Пәкістан, Украина, Ресей және т.б. жетекші университеттерімен ынтымақтастық туралы 120-ден астам меморандумға қол қойылған.
Университет ТEMPUS, Erasmus Mundus, СИНЕРГИЯ, ШЫҰ УНИВЕРСИТЕТІ халықаралық білім беру жобаларына қатысады.
Университет 2009 ж. 18 қыркүйекте Болонья қаласында (Италия) Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды және еуропалық білім кеңістігіне кірді.
ҚарМТУ «Энергетика» және «Экология» бағыттары бойынша ШЫҰ Университетінің базалық ЖОО тізіміне енгізілген. Екі магистрант «ШЫҰ елдерінің техникалық ЖОО студенттер ұйымдарының ассоциациясы» басшылығына кірді. Студент Омарова Б.Д. осы бағдарлама бойынша Чуньцин қ. (ҚХР) университетте білім алу стипендиясының иегері атанды.
АҚШ, Германия, Жапония, Франция, Швейцария және әлемнің т.б. елдерінен келген 185 ғалым ҚарМТУ-да дәрістер, семинарлар мен презентациялар циклін өткізді.
Жапондық «Токио Боэки CIS» фирмасы оқудағы және ғылыми қызметтегі жоғары жетістіктері үшін Университет студенттеріне, магистранттарына және жас ғалымдарына 12 атаулы стипендия тағайындады.
Университетте әлемнің 11 елінен 118 шетел азаматы білім алады.
2011 жылғы қарашада ҚарМТУ Еуразиялық университеттер ассоциациясы мүшесіне енді.
5. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР БОЙЫНША БІЛІМДІ ЖАҢҒЫРТУ
5.1. Халықаралық АИОР агенттігі 2010 жылғы 24-25 мамыр аралығында Еуропалық инженерлік білім беру одағының «Еуропалық сапа белгісін» (Лондон қ.) тағайындап, 5 мамандықты (5В070200 – Автоматтандыру және басқару, 5В070900 – Металлургия, 5В071200 – Машина жасау, 5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары, 5В070700 – Тау-кен ісі) халықаралық аккредиттеуден өткізді.
5.2. 2009 ж. қарашада ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығында институционалдық аккредиттеу өткізілді.
5.3. 2010ж. ұлттық рейтинг нәтижелері бойынша ҚарМТУ-дың 14 мамандығы жүлделі орындарды иеленді, олардың ішінде 6 – бірінші, 6 – екінші және 2 – үшінші орын.
5.4. Еліміздегі үздік әскери кафедра базасында Әскери-техникалық факультет ашылды.
5.5. 21 жаңа мамандық ашылды: бакалавриат – 10, магистратура – 7 және PhD докторантурасы – 4.
5.6. Қазіргі уақытта ҚарМТУ бакалавриаттың 39, магистратураның 26, PhD докторантурасының 4 мамандығы және 6 әскери-есептік мамандық бойынша мамандар даярлығын жүзеге асырады.
5.7. ҚР БҒМ 31.07.2009ж. № 367 бұйрығымен мамандықтардың жаңа Топтастырғышына сәйкес ҚарМТУ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің 27 мамандығы бойынша бас ЖОО болып бекітілді.
5.8. Оқу процесінің сапалы деңгейін қарқындатудың және арттырудың негізі мамандарды даярлауда «EPAM Systems» және «ERSAI» фирмаларының ультрақазіргі заманғы оқу мен зертханалық кешендерін, лицензиялық программалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ Инженерлік бейінді зертхананың, ҚКҚДИ ҒЗИ инновациялық инжинирингтік әзірлемелерін, «Қазақстандық Дәнекерлеу институты» ҒЗИ теңдессіз жабдықтарын пайдалану болды.
Оқу процесінде «FESTO-DIDACTIC», «SIMENS» және «Mitsubishi» сияқты ірі шетелдік өндірушілердің қазіргі заманғы оқу және өнеркәсіптік программалық-аппараттық автоматтандыру құралдары белсенді қолданылады.
5.9. «ҚарМТУ» ААЖ әзірленген және ендірілген, оған «Директорат», «Кафедра меңгерушісі», «Оқытушы», «Студент» АЖО және «Талапкер», «Тіркеу офисі» ААЖ кіреді.
5.10. Балқаш және Жезқазған ққ. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлерінің аралық оқыту орталықтары ұйымдастырылған.
5.11. Оқу процесіне Корпоративті университет кәсіпорындарының 132 жетекші маманы тікелей қатысады.
5.12. Фрайберг тау-кен академиясымен, Мәскеу мемлекеттік құрылыс институтымен, Циттау университетімен (Германия) және басқа шетелдік ЖОО халықаралық білім беру бағдарламалары іске асырылады.
5.13. Университет магистранттарының 70%-дан астамы әлемнің жетекші университеттерінде машықтанудан өтті.
5.14. ҚарМТУ-дың 26 оқытушысы Қазақстан бойынша «Үздік ЖОО оқытушысы» конкурсының нәтижелері бойынша гранттарды иеленді.
5.15. ЖОО-да проректорлардың, институттар директорларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының оқу сабақтарының барлық түрлеріне бақылап қатысуын, өзара сабаққа қатысуды, ашық дәрістерді көздейтін, оқыту сапасын бақылаудың тиімді жүйесі жұмыс істейді. Университет оқытушылары тек 2010 жылы 537 ашық сабақ және 102 шебер-класс өткізді.
5.16. ПОҚ 80%-нан астамы өзінің біліктілігін жоғарылатты: Университетте педагогикалық және дәріскерлік шеберлік, инженерлік педагогика, компьютерлік сауаттылықты арттыру, тілдік (қазақ, ағылшын) курстардан өтті.
5.17. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР БҒМ ұсынған 18 оқулықты шығарды, соның ішінде 8-і – мемлекеттік тілде.
5.18. «Университет еңбектері» журналын ағылшын тілінде шығару басталды. «Автоматика және информатика» журналы 2010 ж. күзде «Elibrary» ғылыми-электрондық кітапхананың ресейлік дәйектілігі индексіне енгізілген.
5.19. Техникалық және кәсіптік білім берудің Оқу-әдістемелік және ғылыми-өндірістік кешені құрылған, оның құрылымына келесілер кіреді:
5.19.1. Жастарға кәсіптік бағдар беру аралық орталығы және № 5 жалпы білім беретін орта мектептің ресурстық орталығы, онда білім алушыларға ертерек кәсіптік бағдар беру жүзеге асырылады;
5.19.2. Университеттің кәсіптік лицейі және технологиялық колледжі, 13 мамандық бойынша жұмысшы, техникалық және кәсіби-педагогикалық кадрдар даярлығын жүзеге асырады;
Жұмысшыларды даярлау орталығы, «Дәнекерлеу» ұлттық орталығы және «Машина жасау» орталығы, олардың базасында өңір халқына еңбек рыногында аса талап етілген жұмысшы мамандықтарын алуға мүмкіндік бар;
5.19.3. Кәсіптік оқыту кафедрасы, кәсіптік мектептер, колледждер мен ЖОО үшін өндірістік оқыту шеберлер және арнайы пәндер оқытушыларын даярлауды жүзеге асырады;
5.19.4. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату бойынша өңіраралық орталық;
5.19.5. Кәсіптік техникалық білім беру проблемалары ғылыми-зерттеу институты.
5.20. Техникалық және Кәсіптік білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату бойынша өңіраралық орталықта Қазақстанның 6 облысынан Т және КО жүйесінің 450 жұмыскері біліктілігін жоғарылату курсынан өтті.
Орталық келесі халықаралық жобаларды іске асыруға қатысады:
- «ҚР Т және КО жүйесіндегі әлеуметтік серіктестік» еуропалық одағы Германдық техникалық ынтымақтастық жөніндегі қоғамының (GTZ);
- TEMPUS еуропалық одағының;
- Германдық интернационалдық дамуға және біліктілікті жоғарылатуға жәрдемдесу қоғамының (InWent gGmH);
- Кәсіптік білім беруді қолдау қорының (RKK, Норвегия);
- Халықаралық инженерлік педагогика қоғамының (IGIP).
Кәсіптік техникалық білім беру проблемалары ҒЗИ базасында «Техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын даярлау сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату» басым бағыты бойынша «білім беру саласындағы қолданбалы зерттеулер» мемлекеттік бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
Университеттің Т және КО жүйесінің шеңберінде жүзеге асырылатын ғылыми және білім беру бағдарламаларын қаржыландырудың жыл сайынғы сомасы орта есеппен 21 млн тг құрайды.
5.21. ҚарМТУ 2011 жылы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті, МАБ бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.
ҚР БҒМ білім және ғылым саласында бақылау бойынша комитет төрағасы С. Ирсалиев ӘГП кафедрасының меңгерушісі С.Б. Балшикеев және ҚарМТУ оқытушыларының ҰБТ өткізудегі үздік жұмысын бағалады.
5.22. «EPAM Systems» американдық-белорустық фирмамен бірге IT-технологиялары саласында бағдарламалық өнімдерді дайындау және бағдарламашыларды мақсатты даярлау бойынша мамандандырылған RD-зертханалары ашылды.
5.23. Жұмыстағы зор табыстары үшін ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиев, профессорлар Б.А.Ахметжанов және В.В. Егоров, И.В. Брейдо және Ж.С. Нұғожинов Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған медальмен марапатталды.
5.24. 2011 жылы қыркүйекте «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» ҰҚ конкурстық комиссиясы шешімімен ҚарМТУ студенттері Жұмабеков Т. (Тау-кен институты) және Досмағанбетов А. (Экономика институты) стипендия ізденуге республикалық конкурс жеңімпаз деп танылды.
5.25. 2011 жылы 4-6 шілдеде болған ІІ халықаралық кен-металлургиялық конгресінде ҚарМТУ түлектері диплом жобасы үшін Абаева Милана және Байдурина Гүлнар «Алтын Гефест» конкурсының жеңімпаздары атанды.
5.26. Еуразия сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінде ІІ халықаралық фестивальда ҚарМТУ студенттерінің шығармашылық жұмыстары әр түрлі номинация бойынша жүлделі орындарда 10 диплом алды.
6. ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ – БҰЛ:
6.1. Ғылыми кадрлардың өсу қарқындары ерекше артты. 2008 жылдан бастап ЖОО оқытушылары 30 докторлық және 82 кандидаттық диссертация қорғады. Барлығы 4 жыл ішінде ПОҚ қатарын 36 ғылым доктор және 162 кандидаты толықтырды.
6.2. 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттары бойынша 8 ғылыми мектептің дамуы.
6.3. Кен-металлургиялық сектор кәсіпорындарында: «Богатырь Көмір» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Жәйрем КБК» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «ССТӨБ» АҚ және т.б. инновациялық технологияларын әзірлеу және коммерцияландыру. Осы бағытта орындалатын жұмыстар жиынтық көлемінде жылына 200 млн теңгеден астам соманы құрайды.
6.4. Астанада, Қарағандыда, Ақтөбеде, Көкшетауда, Атырауда ірі өнеркәсіптік және азаматтық кешендерді салу және қайта салу кезінде инновациялық жобаларды әзірлеу және коммерцияландыру. Соңғы 3 жыл ішінде шарттар бойынша жалпы сома 424,3 млн теңгені құрады.
6.5. ҚарМТУ-дың ғылыми мектептерінің инновациялық қызметінің халықаралық, ұлттық және өңірлік деңгейлерде танылуы: 9 номинация бойынша әр түрлі деңгейдегі конкурстарда ғылым саласындағы жетістіктер үшін 53 сыйақы.
Профессор О.В. Бакбардинаның ғылыми жобасы ТМД елдері арасындағы «Содружество дебютантов» конкурсында 1-ші орын алды.
Доцент Д.П. Хрусталевке 1-ші орын алғаны үшін ҚР Тұңғыш Президенті қорының сыйлығы берілді.
Доцент Құрмашева Б.Қ. 1-ші орын алғаны үшін Қарағанды облысы Әкімінің сыйлығымен марапатталды.
ТМД қатысушы мемлекеттердің аумағында гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы жастардың инновациялық жобаларын таңдау бойынша ашық конкурста оқытушы К.М. Кәрімова 2-ші орынды иеленді.
Қарағанды қаласының дамуына қосқан үлесі үшін өткізілген қалалық конкурста профессор Брейдо И.В. «Ғылым мақтанышы» номинациясында құрметті жүлделі орын алды.
Инновациялық сипатты бастамашыл ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша жас ғалымдардың арасында өткен «Шарықтау» конкурсының жеңімпазы аға оқытушы Бақтыбаев Н.Б. болып танылды.
Жас талантты ғалымдарға арналған «Техникалық ғылымдар және технологиялар» номинациясы бойынша Қарағанды облысы Әкімінің сыйлығын доцент Нұрмағанбетов А.С. алды.
6.6. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша 18 халықаралық, республикалық ғылыми және ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Студенттердің ғылыми жұмыстарының нәтижелері әр түрлі деңгейдегі конференциялардағы 2076 баяндамада жарияланды.
6.7. Ресей тау-кен ғылым академиясы тау-кен ісі бойынша ғылыми жұмыстар циклі үшін А.А. Скочинский атындағы сыйлық ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевке, профессорлар Н.А. Дриждге, Ю. М. Смирновқа және Б. М. Кенжинге берілді.
6.8. Желтоқсанда Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ өндірістік процестерді автоматтандыру кафедрасының аға оқытушысы К.К. Смағұлов, машина жасау технологиялары кафедрасының аға оқытушысы В.В. Смирнов және Машина жасау институтының директоры О.А. Шарая философия докторының ғылыми дәрежесін ізденуде (RhD) диссертацияларын сәтті қорғады.
6.9. 2011 жылы Ижәне ОӘЖ жөніндегі проректор А.З. Исағұлов жыл сайынғы «Замандас» қалалық конкурста «Ғылым мақтанышы» номинациясында 1-орын алды.
6.10. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне халықаралық және республикалық іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді: «3-Сағынов оқулары», «Әлімхан Ермековтің 120 жылдығы», «Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешені: проблемалар және даму перспективалары», Қазақстан маркшейдерлері мен дәнекерлеушілердің симпозиумдары, «лейка геосистемс», «Тоталь» фирмаларының өкілдері және халықаралық сарапшылардың қатысуымен Еврокодам бойынша жобалаушылар мен мамандардың семинары. Симпозиумда Қазақстан маркшейдерлерінің одағы құрылды.
7. ТӘРБИЕ БЕРУ КОМПОНЕНТТЕРІН ДАМЫТУ – БҰЛ:
7.1. Университетте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өнегесінде Патриоттық тәрбие беру моделі сәтті іске асырылды.
ҚарМТУ-дың тәрбие беру процесіне Патриоттық тәрбие беру моделін тиімді ендіру үшін «Қазақстандық патриотизмінің қалыптасуы: теория және практика» монографиясы шығарылды. ҚР Сенаты және Парламенті Мәжілісінің депутаттары – ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғ. Есім, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор К.Н. Бұрханов, педагогика ғылымдарының кандидаты С. Ферхо патриоттық тәрбие беру бойынша бейнедәрістер циклінің авторлары болып табылады.
Ақпараттық-әдістемелік құжаттар кешеніне кураторларға көмек ретінде және тәрбие беру процесінің логикалық бірізділігін қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 19 кітап және 17 компакт-диск кіреді.
Студенттерге патриоттық және идеялық-саяси тәрбие беру бағдарламасына сәйкес куратор сағаттарының тақырыптамасы бойынша шебер-кластар өткізілді.
ҚарМТУ-да Патриоттық тәрбие беру моделін іске асыру тәжірибесі ҚР Парламенті Мәжілісінде екі мәрте талқыланып, Мәжіліс депутаттарымен мақұлданды.
7.2. 2010 жылғы 28 қазанда ҚарМТУ базасында «Жастарға патриоттық тәрбие беру: күйі және перспективасы» республикалық семинар-кеңесі өткізілді.
Оған ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі А.М. Абай, Парламент Мәжілісінің депутаттары К.Н. Бұрханов және С.И. Ферхо, 44 ЖОО ректорлары және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлары, 75 мектеп пен колледждің директорлары, сондай-ақ жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Семинар-кеңестің нәтижелері бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі ҚарМТУ әзірлеген Патриоттық тәрбие беру моделін еліміздің білім беру ұйымдарында ендіруге ұсынды.
Барлық семинар-кеңеске қатысушыларға Патриоттық тәрбие беру моделін өз ЖОО-да ендіру үшін ақпараттық-әдістемелік материалдар жинағы тегін берілген.
7.3. Патриоттық тәрбие беру проблемалары ҒЗИ, Университетте тәрбие беру жұмысының ғылыми құраушысын күшейту үшін ұйымдастырылған.
7.4. «Жас Орда» ҚарМТУ студенттерінің кәсіподағы, студенттер кәсіподағының басшылығымен Студенттер және жастар ұйымдары ассоциациясын құру.
Бұл біздің ЖОО-да Патриоттық тәрбие беру моделін іске асырудың тағы бір маңызды нәтижесі болды.
«Жас Орда» кәсіподақ ұйымының белсенділері жастар қозғалысының маңызды проблемалары бойынша форумдар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, дебаттық турнирлер, семинар-тренингтер, студенттік байқаулар, мектеп оқушылары арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстарын, көрмелер, концерттер, спорттық-сауықтыру шараларын, мәдениет қайраткерлері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
7.5. Қоғамдық тәртіп комиссиясы, ПОҚ және студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында тиімді жұмыс істейді.
7.6. «Ақ ниет» қайырымдылық ұйымының белсенді қызметі – жетім балаларға арналған, мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған көп шараларды жүзеге асырды. Бұл – балалар үйлеріне әр түрлі бағдарламалармен бару, балаларды хайуанаттар паркіне, ҚарМТУ-ға апару, онда спорттық шаралар, достық футбол матчтары, эстафеталар, конкурстар, суреттер мен қолөнер көрмелері өткізілді.
7.7. ҚарМТУ студенттері СҚО және «Жасыл ел» қызметіне белсенді қатысады. СҚО және «Жасыл ел» отрядтарында 3 мыңнан астам студент жұмыс істеді. «Политехник» СҚО әрбір жұмысшысы 2010 жылы 180 мың теңгеден табыс тапты.
7.8. Студенттер мен ПОҚ көркемөнерпаздары қызметінің дамуы.
Мемлекеттік тілдегі «Жаңа буын» және орыс тіліндегі «Орфей» студенттік театр студиялары, вокал және би үйірмелері, домбыра ансамблі, сән театры, үрмелі аспаптар оркестрі, оқытушылар хоры белсенді жұмыс істейді.
7.9. Студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын қолдау мақсатында ректордың 31 атаулы стипендиясы тағайындалған.
7.10. Университеттің Қамқоршылық кеңесі, оның құрамына көрнекті қоғам қайраткерлері, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары кіреді. Кеңес Университеттің жұртшылықпен тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
7.11. Ардагерлер кеңесі, студенттерге әскери-патриоттық тәрбие беру, соғыс және еңбек ардагерлерін қолдау бойынша қоғамдық жұмысты жүзеге асырады.
7.12. Ақсақалдар Кеңесі, жас оқытушылар мен кураторларға тәлімгерлік ету, оқу-тәрбие процесінің сапасын бақылау бойынша қоғамдық жұмысты жүзеге асырады.
7.13. ҚарМТУ түлектері мен оқытушыларының ассоциациясы, ЖОО түлектерімен тұрақты байланысты қолдайды және Университет қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу бойынша жұмылдырады.
7.14. Университеттің негізін қалаушыларды мәңгі есте сақтау және дәстүрлерге құрмет көрсету.
Университеттің негізін салушыларға арналған 14 мемориалдық тақта, портреттер галереясы (15 портрет) ашылды.
«Көрнекті педагогтар өмірі» сериясының 12 кітабы басылып шықты.
7.15. 2011 жылы 10 қыркүйекте ҚарМТУ ұлы ақын қасым Аманжловтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты шараларға қатысты.
7.16. 10 желтоқсанда ҚарМТУ « Қазіргі заманғы жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру әдістері мен проблемалары» республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
7.17. ҚарМТУ жастары- «Жас Орда» студенттер кәсіподағы және «Ақниет» қайырымдылық бірлестігі «Үміт» қалалық қоғамдық бірлестікпен бірге Қарағанды қ. бойынша «Балаларды мектепке дайындаймыз» акциясын өткізді.
7.18. 2011 жылы қарашада Алматы қ.республикалық студенттердің бизнес жоспарының конкурсында бизнес-эдвайзер И.И. Заварзина басшылығымен Елшібекова Анел және Марат Гүлзат әзірлеген «ЭкоАРТ» жобасы үшінші орын алды, 40 000 грант ұтып алды.
Астана қ. «НұрОтан» ХДП кубогында Республикалық дебаттық турнирде ИАС студенті Жетпісбева Н. жеңімпаз атанды.
«Жастар кәсіподақ үшін» І халықаралық форумда Қарағанды қ. командасы, құрамында студенттер, магистранттар мен «Жас Орда» белсенділері Смайлов Г., Ибитанов А. және Имашхан Т. «Ең талантты команда» дипломын алды.
Қарағанды облысының жастар саясатын іске асырудағы қосқан үлесі үшін ҚСА көшбасшысы Машенов А., вице-көшбасшы Татағұлов Ж. және ДМП директоры Далабаева Г.Б. марапатталды.
«Қарағанды қ. Алтын құрмет кітабына» қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы Шадыкенова Д.Т., дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы Комиссаренко М.Н. және «Қазақстан студенттерінің альянсы» КФ көшбасшысы, Сәулет және құрылыс институтының студенті А. Машенов енгізілді.
8. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – БҰЛ:
8.1. ПОҚ еңбегінің тиімділігін рейтингтік бағалау, ол бойынша оқытушылардың 40%-ы еңбекақыға үстемеақы алады. ПОҚ материалдық жағдайы жақсарды. Сонымен, егер 2008 ж. шаруашылық келісім бойынша еңбекақыны 80 адам алса, 2011 ж. – 426 адам, соның ішінде 62 студент алады. 2008 ж. шаруашылық келісім бойынша еңбекақы – 63,4 млн. теңгені, ал 2011 ж. 294,8 млн. теңгені құрады. 4 жылдағы қосымша ақы сомасы 688,2 млн теңгені құрады.
8.2. ПОҚ және студенттердің мердігерлік шарттар бойынша төленетін шаруашылық-шарттық зерттеулерге қатысуы. Мердігерлік шарттарға қатысқан ПОҚ саны 2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 40%-ға, ал студенттердің, магистранттардың және докторанттардың үлесі 20%-ға өсті.
8.3. Жалпы қоры 1 млн тг құрайтын, «Жыл оқытушысы», «Үздік куратор», «Үздік құрылымдық бөлімше», «Үздік кафедра», «Үздік факультет», «Жыл студенті», «Үздік студенттік топ», «Жатақханадағы үздік бөлме» атағына өткізілетін жыл сайынғы конкурстар.
8.4. Дағдарысқа қарсы комитет, оның жұмысы шеңберінде Университет оқу төлеміне байланысты шарттық міндеттемелерді орындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған санаттағы студенттерге қолдау көрсеткен.
9. ОҚУ-МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАНЫ НЫҒАЙТУ – БҰЛ:
9.1. 410 млн теңге сомаға қазіргі заманғы ғылыми-оқыту құралдары сатып алынды.
9.2. ИКТ саласындағы R&D (Research and development) қазіргі заманғы зертханасының ашылуы – бұл Қазақстандағы осындай деңгейдегі тұңғыш және жалғыз жоба.
Осы зертхананың тиімді қызмет етуі үшін «Зерде» «Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ және EPAM Systems компаниясы оқу-ғылыми компьютерлер класын жөндеуден өткізді және қазіргі заманғы жоғары өнімді техникамен және лизенциялық программалық қамтамасыз етумен толық жабдықтады.
9.3. «ERSAI» трансұлттық компаниясы ҚарМТУ жанындағы Қазақстандық дәнекерлеу институтына 10 млн теңге сомаға әлемдік өндірушілердің жоғары тиімді жабдығын тегін берді.
9.4. «FESTO» концерні Университетке 40 мың еуро соманы құрайтын теңдессіз оқу жабдығын тегін берді.
9.5. Барлық оқу корпустарына, спорт кешені мен жатақханаға, Жастар орталығы ғимаратына және Қарқаралы қаласындағы «Политехник» спорттық-сауықтыру лагерінің коттедждері мен студенттер асханасына жөндеу жүргізілді.
9.6. № 5-ші оқу корпусы, соның ішінде Жаңа материалдар ҒЗИ арналған жайлар қайта салынып, жабдықталды.
9.7. Инженерлік желілер қайта салынды: 2,5 км-ге жуық құбыр жөнделді және ауыстырылды.
9.8. Инженерлік бейінді зертхананың жайы жөнделді.
9.9. II корпустың гардеробы 1346 орыннан 2016 орынға кеңейтілді, II және IV корпустарда сәйкесінше 625 және 600 орынға қайта құрылды.
9.10. Диаметрі 14 м жарық динамикалы су бұрқақ салынды.
Су бұрқақ Университеттің және қаланың сәулеттік ансамблін көркейтті және қала тұрғындарының жайлы демалыс орнына айналды.
9.11. Бас және бірінші корпусты қосатын жерасты галереясы жөндеуден өткізілді.
9.12. Оқу корпустарын, студенттік жатақханаларды, әскери кафедраларды және «Политехник» СЕЛ объектілерін толықтай жөндеу аяқталды.
9.13. Ауданы 600 м2 болатын «Қазақстандық дәнекерлеу институты» ҒЗИ жөнделді және жаңа жайлары жабдықталды.
9.14. 882 орынға арналған жаңа студенттік жатақханаларды салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және «Студенттік тұрғын үй» бағдарламасына енгізу үшіун ҚР БҒМ ұсынылды.
Қорытынды
Төрт жыл ішінде қауырт және жемісті жұмыс атқарылды, бүгінгі күні біз қызметіміздің нәтижесін батыл көрсете аламыз: ҚарМТУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамы үнемі білім беру процесін жетілдірумен жұмыс істейді, білім беруде инновациялық тәсілдерді іске асырады, халықаралық ынтымақтастыққа, ал студент жастар өздерінің оқудағы мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылады. Таң қалдыратын өзгерістерді байқау үшін біздің Университетімізге бір сәт көз салудың өзі жеткілікті және 4 жыл ішінде болған таң қаларлық өзгерістер назарсыз қалмайды: ЖОО сыртқы бейнесі, әлемдік жетекші білім беру құрылымдарының тануы, халықаралық оқу және ғылыми бағдарламалардағы мүшелігі және белсенді қатысуы, баспасөзде жарияланатын тек жақсы пікірлер, ҚарМТУ-ға оқуға түсуді қалайтын жастар санының үнемі өсуі, осының барлығы университеттің қарқынды дамуына және өмірін жетілдіруге бағытталған ЖОО басшылығының мақсатқа бағытталған саясатын нақты растайды.
Биылғы жыл Инновация жылы болып табылады. Біздің желтоқсанда тойланатын мерейтойға үздік тартуымыз Н.Ә. Назарбаевтың қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауындағы стратегиялық міндеттерді іске асыру бойынша шабытты еңбегіміз болады.