Әдеп бойынша Кеңес туралы ЕРЕЖЕ


Берілген Ереже ҚарМТУ-дың Әдеп бойынша Кеңесінің (ары қарай Кеңес) мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайды:
1. Жалпы ережелер
1.1 Кеңес- университет қызметкерлері мен студенттерінің тәртіптік жұмыстарын қарау, жемқорлыққа қарсы заңнаманы қамтамасыз ету, білім беру саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, Университеттің ішкі тәртібі мен Жарғысын бұзудың алдын алу үшін құрылған тұрақты алқалы басқару органы.

1.2 Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және осы Ережеге сай өз қызметін атқарады.

1.3 Кеңес заңдылық, әділдік және әділеттілік қағидаларына жүгінеді.

2. Кеңестің мақсаты мен міндеттері

2.1 Кеңес Университет ұжымында кез –келген заң бұзушылықтарға төзімсіздік қалыптастыру негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оның пайда болу себептері мен жағдайларын жою, қиянат етушілікті құрту және заң бұзушылықты түп- тамырымен жою бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында құрылады.

2.2 Кеңес міндеттері:
2.2.1 ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының Университет қызметінде жүзеге асуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау;
2.2.2 Университет Жарғысы мен Ішкі тәртіп ережелері бұзылуы бойынша Университет қызметкерлері мен студенттерінің өтініштерін қарастыру;
2.2.3 Құқық бұзушылыққа қарсы тұру, Университет Жарғысы мен Ішкі тәртіп ережелері бұзылуы мәселелері бойынша ЖОО ұжымының ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;
2.2.4 Құқық бұзушылыққа қарсы тұруда және ұжымдағы кез-келген құқық бұзушылыққа деген төзімсіздікті қалыптастыруда Университет әкімшілігі және қоғамдық ұйымдарымен қызметтес болу;
2.2.5 Құқық бұзушылыққа қарсы тұрудың әр түрлі түрлері мен әдістерін қолдану және білім алушылардың құқықтары мен қызығушылықтарының қорғанысын қамтамасыз ету;
2.2.6 Тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және бодырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасау;
2.2.7 Университеттегі құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектесу және анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тәртіптік ықпал ету шараларына бастамашылық ету.

3. Кеңесті құру тәртібі
3.1 Кеңес Университет ректорының бұйрығымен құрылады
3.2 Университет ұжымының белді мүшелерінен, соның ішінде жеке ұйымдар өкілдерінен, құралатын Кеңес құрамына төраға, оның орынбасары және кеңес мүшелері кіреді. Мүшелердің жалпы саны тақ болуы тиіс.
3.3 Кеңес төрағасы:
3.3.1 Осы Ережеге сәйкес Кеңесті басқарады және оның қызметін бағыттайды;
3.3.2 Кеңестің жұмыс жоспарын бекітеді және оның орындалуын қадағалайды;
3.3.3 Құқық бұзушылық бойынша қызметкерлермен білім алушылардың өтініштерінің уақтылы қаралуын қамтамасыз етеді;
3.3.4 3.3.4 Анықталған құқық бұзушылық бойынша тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы Университет ректорына уақтылы ұсыныстар жасайды;
3.3.5 Ай сайын Университет ректорына Кеңестің жасаған жұмысы бойынша есеп береді;
3.3.6 Тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындау;

3.4 Кеңес төрағасының орынбасары:
3.4.1 Кеңес төрағасы және оның орынбасары арасында бөлінген міндеттерді атқарады;
3.4.2 Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша ол болмағанда комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
3.4. Өз құзіреттілігінің шеңберінде Кеңес төрағасының тапсырмаларын орындайды.
3.5 Кеңес мүшелері:
3.5.1 Кеңес жұмысының жоспарына ұсыныстар жасай алады;
3.5.2 Кеңес жұмысына белсенді түрде қатысуға міндетті және өз міндеттерін басқа адамға жүктеуге құқықтары жоқ;
3.5.3 Осы Ереженің талаптарына бағынуға міндетті.
3.6 Кеңес хатшысы:
3.6.1 Кеңеске келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстарды есептеп, тіркейді;
3.6.2 Кеңес мүшелері мен басқа да тұлғаларға Кеңес отырыстарының өтетін орыны мен уақытын хабарлайды;
3.6.3 Кеңес отырыстары хаттамаларын рәсімдеуді қамтамасыз етеді.
3.7. Кеңес құқылы:
3.7.1 Құрылымдық бөлім жетекшілерінен қажетті материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға;
3.7.2 Кеңес отырыстарына Университет әкімшілігінің өкілдерін, декандарын, кафедра меңгерушілерін, профессорлық- оқытушылық құрамын, оқу –қосымша қызметкерлері мен студенттерін шақыру және тыңдауға.
4. Кеңес жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі
4.1 Кеңес жұмысын төраға бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес атқарады;
4.2 Кеңес отырысы жұмасына 1 рет өтеді;
4.3 Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігі қатысқан комиссия отырыстары заңды болып саналады. Дауыстар саны тең болған жағдайда төраға дауысы шешуші болып табылады.
4.4 Кеңес тәртіптік істі іс түскеннен кейінгі 10 күндік мерзімде қарастырады.

Без рубрики