2018 жылдың 27 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Ұлы дала жырауы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Конференцияға қатысуға тілек білдірушілер 2018 жылдың 18 сәуіріне дейін Ұйымдастырушылық комитетке мына құжаттарды жіберуі тиіс:
тиісті формада өтінім;
төмендегі тәртіп бойынша рәсімделген баяндамалар тезистерін;
қатысу жарнасының төленгендігі жөніндегі құжат көшірмесін.
Қатысу жарнасының мөлшері және баяндамалар тезистерінің жариялануы конференция жинағына — 3000 теңге (қағаз жүзіндегі жинақ).
Қатысу жарнасын ҚарМТУ-дың «Казкоммерцбанк» АҚ Қарағанды филиалындағы есеп-шотына аударыңыздар.
МОН РК РГП на ПХВ КарГТУ БИН 000240004524 АО «Казкоммерцбанк» БИК KZKOKZKX ИИК KZ159261101183163005 КБЕ 16
Төлем құжатының «Төлем нысаны» бағанында «Ұлы дала жырауы конференциясына қатысу үшін» деп жазып, қатысушының тегін жазу керек.
Конференция материалдарын мына мекен-жайға жіберіңіз:
Электронды мекен-жай (e-mail): (ktmk.karmtu@gmail.com).
Пошталық мекен-жай: 100027, Қарағанды қ-сы, Бейбітшілік бульвары, 56, ҚарМТУ, (бірінші корпус, 3 қабат, каб. 329)
Ақпарат үшін телефон: (8-721-2) 56-59-32