Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Бір кем дүние…» тақырыбында көркем оқу шеберлерінің байқауы өтті


2022 жылғы 20 қазанда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Кеңесұлы Ибатовтың, сондай-ақ «Нәтиже», «Túran-EL», «Kurabiye» компанияларының басшыларының қолдауымен «Қазақ тілі мен мәдениеті» кафедрасы Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Бір кем дүние …» тақырыбында көркем оқу шеберлерінің байқауын ұйымдастырып, өткізді.

 

Байқау Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған.

Байқаудың мақсаты:

  • мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту;
  • тіл мәдениетін арттыру;
  • көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру.

Байқауға қатысушылардың өнерлерін Қарағанды облысының білім беру саласының үздік педагогы, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері Д.К. Төрекелдина, Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актері Б.М. Киекбаев, «Ortalyq Qazaqstan» газетінің интернет-редакциясының тілшісі Ж.С. Амантай бағалады.

Көркем оқу шеберлері байқауында барлық жүлделі орындарды Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студентітері:

  • Нұрболат Әлия – 1 орын,
  • Аружан Әуелханова — 2 орын,
  • Аружан Әуелханова – 3 орын иеленді.

Конкурсқа қатысушы жоғары оқу орындарының студенттері арасында А. Алматұлы, А. Оразхан, А. Рамазанова («Болашақ» академиясы), Ж. Кадербек (Қазтұтынуодағының Қарағанды университеті) көзге түсті.

Байқаудың ұйымдастырушылары мен қатысушылары дарынды жастарға тамаша өнер көрсеткені үшін ризашылықтарын білдірді.

Без рубрики