«Аманат» партиясының білім беру жобасы шеңберінде «Қарызымыз қоғам» жобасы бойынша қаржылық сауаттылықты оқыту


2024 жылғы 11-15 қарашада Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Аманат» партиясының білім беру жобасы аясында студенттерге «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша қаржылық сауаттылықты оқыту өткізілді. Аталған курсқа «Жол-көлік» факультетінен ТТ-21-1, ОП-21-2 топтары қатысты. Осы курстың мақсаты білім алушылардың жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлқын, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қорғауға байланысты процестерді сыни бағалау және талдау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры — Басқарма мүшесі Бекболат Рақышұлы осы курсты құттықтау сөзімен ашып, қазіргі уақытта қоғамда қаржылық сауаттылықтың жеткіліксіздігінен, әсіресе студент жастар арасында түсініспеушіліктер туындап жатқанын атап өтіп, бүгінгі таңда бұл жобаның өзектілігін айқындап өтті. Курс аяқталғаннан кейін студенттер қаржы және құқықтану саласында тегін консультациялық көмек алуға құқық беретін сертификаттарға ие болады. Бұл оқытуды пайдалы ғана емес, ұзақ мерзімді қолдау құралына айналдырады.

Без рубрики