2024 жылы 24-27 сәуір айында Түркістан қаласында Жошы хан ұлысына 800жыл толуына орай «Алтын Орда және оның мұрасы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Ғалымдар мен зерттеушілер саны 100-ден артық болды. Европа, Азия, Туркия, Африка, Египет, Қытай, Ресей және т. б..Бұрын белгісіз болған көп деген дерек ашылып, жас ғалымдар қызықты, керекті мақалаларынмен баяндама жасады. Қарағанды қаласынан Абылқас Сағынов атындағы Техникалық Университеттің басшылары қолдауымен осы жоғары денгейдегі конференцияға Тарих кафедрасының оқытушысы Ошанов Н.З.қатысты. Менің баяндамам «Монгол этнонимінің Алтын Орда ұлысында алған орны». Конференцияда көп атақты ғалымдармен таңысып, көп жаңалық алдым. Қыркүйек айында Жошы ұлысының 800 жылдығына орай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, облыстық әкімшілігінің қолдауымен «Талас-Ұлытау-Сарайшық» тарихи-этнографиялық экспедиция ұйымдастырды. Бұл сапарға атақты археолог, ғалымдар, өлкетанушы, сүретші, журналист, блогерлер жалпы 30-шақты адам қатысты. Тарих кафедрасының оқытушысы Нұрлан Зетханұлы шақырылып, Университетіміздің басшылары қолдауымен тарихшы ғалым ретінде қосылды. Қараганды- Тараз,-Туркестан-Арал-Қызыл Орда -Ұлытау-Ақтобе-Атырау-Сарайшық- Астана қалаларында болып бабалардің ізімен көне қалалар, қорғандар, тарихи ескерткіштерді көріп, қызықтап, көп жаңалық біліп келдім.Бұл экспдицияға қатысқандардың ішінде: — Туркия — Чобан Акайал Гульшах- археолог, Ресей федерацичсы Якутия Саха Елі — Михайлова Саина Андреевна — археолог-этнолог, Жошыханның тікелей ұрпағы Асылбек Алтынов. Нәтижесінде белгісіз ақпараттар еңгізілді, шет елдерден келетін туристтерге ыңғайлы жол — маршрут дайындау, келешекте Алтын Орданың құрамына кірген букіл жерлермен Батыс Европаға дейін барып қайту.