«Алтын күз» жеңіл атлетика кроссы
2023 жылғы 9 қазанда Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында ЖОО мен колледж студенттері, өндірістік ұжымдар мен ардагерлер арасында дәстүрлі «Алтын күз» күзгі жеңілатлетикалық кроссы өтті (40-50,51+).
Бұл кросстың мақсаты мен міндеттері салауатты өмір салтын насихаттау, Қарағанды қаласында және облыста жеңіл атлетиканы дамыту, халықты тұрақты жүгіру сабақтарына тарту, ұзақ қашықтыққа жүгіруді танымал ету болды.
Аталған іс-шараның басшылығы Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне және «Қарағанды облысының жеңіл атлетика федерациясы»ҚБ-ға жүктелді.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің құрама командалары ерлер мен әйелдер арасында төртінші орынды иеленді.
12 адамды қамту.