ҚарМТУ бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор, ҚазЖҒҰА , ҚЖМ ҰҒА, ХАА академигі А.З.Исағұлов және Машинажасау факультетінің «Металлургия» мамандығы бойынша 4 курс студенті Т.Е.Насенов «Алтын гефест» Ұлттық салалық сыйлығының «Жылдың ғалым- педагогі» және «Жылдың дипломдық жұмысы» номинацияларындағы лауреаттары атанды.
Осылайша, 12 номинацияның 2 сыйлығы біздің жеңімпаздарда. Номинация жеңімпаздарына «Алтын Гефест» мүсіншелері мен ақшалай сыйлықтар берілді.
ҚарМТУ ИИДМБ-2 үшін мамандар дайындау бойынша Қазақстанның негізгі 10 жоғарғы оқу орындарының құрамына кірді (бағыттары: «Тау-кен ісі», «Металлургия», «Машинажасау», 2015- 2013 ж.ж.- ға Қарағанды облысын индустриализациялау картасы).
Сондықтан, өз ісінің шеберлерінің арасынан ҚарМТУ-да беделді сыйлықтар иегерлерінің пайда болуы заңдылық. Мысалы, профессор А.З. Исағұлов өндіріске 4 инновациялық технологиялық үдерістер (дәл құйма), тау-кен металлургиялық сектордың бөлшектерін өндіру үшін жаңа буынның төзімді технологияларын және Қазақстанның 10 өндірістік кәсіпорындарына енізілген болат, шоын және түсті құйындыларға арналған машиналарды жасап, енгізген.
Студент Т.Е. Насенов өзінің «Fe – Cr – Ni жүйесіндегі қызуға берік құйындылардың қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы дипломдық жұмысы үшін сыйлыққа ие болды.
«Алтын Гефест» сыйлығы әр саладағы алдыңғы қатарлы мамандарды атап, қоғамда қазақстандық компаниялардың жетістіктерін насихаттау мақсатында бекітілген. Жалпы көлемі бойынша Қазақстан әлемде 70 тау-кен державаларының арасында13-ші орынға ие. Қазақстанның ІЖӨ-гі ТКМК бөлігі- 11 пайыздан жоғары. ТКМК- елді индустриализациялаудың негізі болып табылатын жаңа мекендерді дамытушы сала болып табылады. Сондықтан сала қызметкерлері жалпы республикалық мойындауға лайықты.
«Алтын гефест» сыйлығы- 2010 жылы ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі, ERG компаниясының қолдауымен бекітілген жалғыз кәсіби сыйлық.
Биылғы жылы жарыс 7 ет өтті, және де жеңімпаздарды құттықтау дәстүрлі түрде АММ 2016 гала премьерасында 15 маусым Астанада өтті. Ол күні ұйымдастырушылар, қазақстандық Iteca көрме компаниясы, жеңімпаздар мен номинанттарға барлық номинациялар бойынша лидерлер үштігі шақырылған мереке ұйымдастырды.
«Алтын гефест» сыйлығын қазақстандық ТКМК жетістігінің негізі болып табылатын жоғары дәрежедегі жауапкершілік, кәсібилілік, жаңашылдық рухы біріктіретін сала мамандары, компаниялар мен жобалар, журналисттер, педагогтар иеленеді.
Жыл сайын қазақстан бойынша жарысқа 186 номинант қатысады. Тұрақты қатысушылардың ішінде «Казцинк», «KSP Steel», «Евраз Каспиан Сталь», «Казхром», «Казахмыс» және т.б.компаниялардың қызметкерлері.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті биылғы жылы барлық қатысушыларға жетістіктерінің мойындалуын және биік жетістіктерге жетулерін тілейді!