Алматыда 2017 жылдың 29 қаңтары және 8 ақпаны аралығында Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді.
28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ұйымдастырушық комитетіне ҚР Премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетов басшылық етеді. Ұйымдастырушық комитеті 2017 жылғы 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың барлық іс-шараларының жоғары деңгейде өтуіне бақылау жасайды.
2017 жылғы 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізу бастамашылары – Халықаралық студенттік спорт федерациясының мүшесі (FISU) – ҚР студенттік спорт федерациясы. Қазақстан Ұлттық Федерациясына профессор Қайрат Закирьянов басшылық етеді.
Алматыда 2017 жылғы 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізу дирекциясы құрылған. Бұл орган жарыстарға дайындықты және оның өту барысын қадағалайды. Дирекцияны Наиль Нуров басқарады.
Алматыдағы Қысқы Универсиадаға 55 елден 2000 спортшы қатысады. Жарыстарды өткізуге шет елдерден және еліміздің әр өңірінен 3000 волонтер шақырылады. Универсиадаға 30 мыңға жуық шетелдік қонақтар және туристер келеді деп тұспалдануда.