Жоғары білім беру, Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық ынтымақтастық департаменті Алматы менеджмент университеті менеджмент саласында білімді тереңдетуге және ғылыми- білім беру көшбасшылығында жаңа және тиімді стратегияларды дамытуға және оларды екі бағытта басқаруға бағытталған шетелдік семинарлар сериясын дайындап, қазақстандық ЖОО топ- менеджерлерінің біліктіліктерін арттыру бағдарламасын ұсынады:
1. ЖОО проректорларына, құрылымдық бөлім жетекшілкріне, «Жылдың үздік оқытушысы» грантының иегерлеріне арналған «Жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент: халықаралық үдерістер және Оңтүстік Корея тәжірибесі» атты Азиялық білім беру семинары.
Қабылдаушы серіктес университет: Солбридж, Халықаралық бизнес мектебі, Тэджон, Оңтүстік Корея.
Өту мерзімі: 20-27 сәуір 2015 жыл.
Қатысу құны: 1950 АҚШ доллары (бұған кіретіні оқу, тұру,тамақтану, аудармашы қызметі).
- ЖОО ректорлары, ҒЗИ, ҒЗО директорларына, ғылыми- білім бберу және инновациялық ұйымдардың жетекшілеріне арналған «Еуро Одақ мемлекеттерінде білім беруді басқарудағы заманауи үдерістері» (Бельгия-Нидерланды-Германия-Люксембург) атты Пан-Еуропалық білім беру семинары.
Қабылдаушы серіктес университет: Халықаралық менеджмент мектебі, Маастрихт қ., Нидерланды корольдігі.
Өту мерзімі: 1-7 шілде 2015 жыл.
Қатысу құны: 2950 еуро (бұған кіретіні оқу, тұру,тамақтану, аудармашы қызметі , түскі ас, құттықтау және қоштасу кешкі астары).
Толық ақпарат алу үшін жоба жетекшісі Амребаева Жұлдыз Тоқановнаға хабарласыңыз, байланыс тел. 8(727) 302-21-47, 8 778 118 01 76 (e-mail: zh.amrebayeva@iab.kz, amrebayeva@mail.ru).