«Ғылым, білім және өнеркәсіп интеграциясы – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» (Сағынов оқулары №10) атты мерейтойлық Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына ұсынылған ең үздік баяндамалар MATEC Web of Conferences журналының арнайы басылымында жариялануға ұсынылады. Материалдарды қосымша өңдеу үшін 45 мың теңге төлем төленуі керек.
Мақалаларға қойылатын талаптар
Алдын ала қарау үшін Scopus арнайы жинағына баяндамалар қабылданады.
Мақаланың электронды нұсқасы Microsoft Word бағдарламасында орыс және ағылшын тілінде 14pt. болуы тиіс. Көлемі – А4 форматында, 6 беттен аспауы тиіс. Мәтіннің жиегі : жоғары және төменнен — 25 мм, оң және сол жағы – 20 мм, тігу үшін 0 см, сол жақтан, кітап баспасы нұсқасы. Парақ өлшемі : стандартты А4 (21 x 29,7 см). Интервал – дара.
Тақырыбы
Авторлардың А.Ә.Т. , (5 автордан кем болмауы тиіс)
ЖОО атауы (толықтай)
E—mail авторлардың жұмысы
Аннотация (7-8 жол).
Түйінді сөздер 10
Авторлар мақаланың ағылшын тіліндегі нұсқасын жоғары дәрежеде ұсынуы тиіс. Мақала шетелдік ғалымдардың қызығушылығын тудырып, түпнұсқалық және жоғары дәрежедегі графикалық материалмен қоса берілуі тиіс. Плагиат және бұрын жарияланған материалды қолдануға тыйым салынады. Авторлар мақаланың бөлімдерін өз қалауынша, бірақ нақты белгілеуі тиіс. Қысқаша ғылыми сараптама беріліп, проблема, оның шешілу жолдары сипатталуы тиіс. Мақалада зерттеудің негізгі нәтижелері, математикалық есептеу, қолданылған ғылыми тәсілдердің толық сипаты берілуі керек. Міндетті түрде мақаланың соңында қорытынды берілуі керек. Кіріспе және ғылыми сараптама бір бет көлемді алуы керек. Бұған дейін жарияланған ҚарМТУ ғалымдарының еңбектеріне сілтеме жасауға болады. Алайда оның көлемі 20 пайыздан артпауы керек. Әдебиеттер тізімі шетелдік авторлардың (ҚарМТУ емес) 10 деректемесінен аспауы керек. 10 жылдан төмен емес уақыттағы Scopus базасынан алынған мақалаларға сілтеме жасаған дұрыс.
Мақалалар электронды түрде орыс және ағылшын тілдерінде беріледі. Олар сыртқы эксперттердің сараптамасынан өтеді және авторлардың электронды поштасына жіберіледі.
Ұйымдастырушылар белгілі болған плагиат және мақаланы жинақтан шығарғаны үшін жауап бермейді. Барлық жауапкершілік авторлардың мойнында. Рецензенттердің сарпатамасынан және плагиаттан өткеннен кейін мақалалар Scopus халықаралық базасында жарық көреді.
Журнал мерзімді басылым емес және жарияланған мақала авторға PhD дәрежесін алуға мүмкіндік бермейді. Scopus жинағында жариялану ақылы.
Назар аударыңыз!
Алдын ала қараудан өткізу үшін авторлар мақаланың нұсқасын орыс тілінде ұсынады, экспертиза мен рецензиядан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі нұсқасы 10 күнтізбелік күн ішінде беріледі. Авторлар мақалаға қойылатын талаптарды бұлжытпай орындауы тиіс.