«Аламан» сайысы


2024 жылдың 19 сәуірінде «Жастар Әлемі» студенттер сарайында «Серпін-2050» бағдарламасымен түскен 1-курс студенттері арасында «Аламан-2024» сайысы өтті. «Аламан» сайысы «Мамандығым мақтанышым!», «Менің мақтан тұтар мекенім»,  «Өнерлінің өрісі кең» атты бөлімдерден тұрады. «Мамандығым мақтанышым!», «Менің мақтан тұтар мекенім» атты бөлімде студенттер бейнеролик түсірді. «Өнерлінің өрісі кең» байқауында студенттер өз өнерлерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша «Менің мақтан тұтар мекенім» атты бейнеролик  байқауында ИС-23-2 тобының студенті Құрбанәлі Балжан мен СИБ-23-4 тобының студенті Ражабов Бауыржан I дәрежелі дипломмен, БТ-23-1 тобының студенттері

Зейнуллаева Гүлнұр мен Орынбек Адина II дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Мамандығым — мақтанышым» байқауында СИБ-23-4 тобының студенті Омар Жарас пен СИБ-23-5 тобының студенті Бақытжан Ануабек I дәрежелі дипломмен, СИБ-23-4 тобының студенттері Мыңғара Бекасыл мен Маханбетияр Бақдаулет

II дәрежелі дипломмен марапатталды. «Өнерлінің өрісі кең» байқауында СИБ-22-2 тобының студенті Ауелханова Аружан I дәрежелі дипломмен, СИБ-23-5 тобының студенті Смадияр Үсен II дәрежелі дипломмен, СИБ-23-2 тобының студенті Бадай Шұғыла III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сайыс барысында әділқазы болған Н.А. Алпысбаева – кәсіподақ ұйымның төрайымы, К.Б. Кызыров Рухани-адамгершілік тәрбие беру Кеңесінің төрағасы, Қ.М. Хамзина — Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Р.Р. Бузяков – Жастар саясаты департаментінің директоры, А.Ш. Жоламанова – «Жас Орда» жастар қауымдастығының төрайымы

қатысушыларға әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады.

Без рубрики