«Аламан-2023» сайысы


2023 жылдың 27 сәуірінде «Жастар Әлемі» студенттер сарайында «Серпін» бағдарламасы арқылы түскен 1-курс студенттері арасында «Аламан-2023» сайысы өтті. «Аламан» сайысы «Мамандығым мақтанышым!», «Менің мақтан тұтар мекенім», «Өнерлінің өрісі кең», «Жалынды Сардар» атты бөлімдерден тұрады. «Мамандығым мақтанышым!», «Менің мақтан тұтар мекенім» атты бөлімде студенттер бейнеролик түсіреді. «Өнерлінің өрісі кең» байқауында студенттер өз өнерлерін көрсетеді. «Жалынды Сардар» байқауында студенттер өз өнерлерін және Сардар болса, қандай істер атқаратындығын көрсетеді.

Сайыс қорытындысы бойынша ТТ-22-1 тобының студенті Қанашбаев Жасұлан «Жалынды Сардар» болып таңдалды. «Менің мақтан тұтар мекенім» атты бейнеролик  байқауында ЦАФ-22-2 тобының студенттері Шамғали Ақбота мен Тұрсын Айгерім I дәрежелі дипломмен, «Мамандығым — мақтанышым» байқауында ВТ-22-1 тобының студенті Қырқынбай Сырым мен СИБ-22-3 тобының студенті Пердеев Азамат I дәрежелі дипломмен, ЦАФ-22-2 тобының студенті Жардембай Аслан мен Балғабай Темірлан II дәрежелі дипломмен марапатталды. «Өнерлінің өрісі кең» байқауында ЦАФ-22-2 тобының студенті Нұрболат Алия I дәрежелі дипломмен, ЦАФ-21-2 тобының студенті Жақия Алтынай II дәрежелі дипломмен, «BLAKPINK» би тобы III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Без рубрики