«Алғысым шексіз, халқыма»


2017 жылдың 28-ақпанында 1-Наурыз алғыс айту күніне орай №1 жатақханада «Серпін-2050» бағдарлама студенттерінің және «Қарағанды қаласы жастар ресурстық орталығы» КММ жалпы үйлестіру және іс-қимыл секторының меңгерушісі А.С. Шарипжанова,  «Таджік диаспорасы» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ш.С. Норматов, ҚХА кафедрасының оқытушысы Ж.Ә. Нығман, №38 гимназияның 11-сынып оқушысы К.Хван, ҚХА кафедрасының оқытушысы, Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша Кеңес Төрағасының орынбасары Ж.А. Тусупбеков және ҚХА кафедрасының меңгерушісі А.С. Сагатованың қатысуымен «Алғысым шексіз, халқыма» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында ҚХА кафедрасының меңгерушісі А.С. Сагатова «Алғыс пен бірлік өркениетке апаратын рухани жол», «Қарағанды қаласы жастар ресурстық орталығы» КММ жалпы үйлестіру және іс-қимыл секторының меңгерушісі А.С. Шарипжанова «Мемлекеттік жастар саясатының міндеттері, мақсаттары және қағидаттары», «Таджік диаспорасы» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ш.С. Норматов  «Бірлігі жарасқан ел ғана озады», ҚХА кафедрасының оқытушысы Ж.Ә. Нығман  «Ислам дініндегі толық иман немесе адамсүйгіштік категориясы» атты тақырыптар төңірегінде студенттерге шағын шолу жасады. Ал №38 гимназияның 11-сынып оқушысы К.Хван өзінің қазақ тілін қалай жетік меңгеретінін көрсетіп, қошеметке бөленді.

Іс-шара аяғында келген қонақтарға студенттердің дайындаған шағын сыйлықтары табысталып, алғыс білдірді.ф

Без рубрики