Биылғы жылдың 10, 12, 14, 18, 19 ақпан күндері Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да студент жастар мен университет оқытушыларының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен адалдық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған Жоспарлы іс-шараларды жүзеге асырудың екінші кезеңі өтті.
Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Б. Нүсіпбеков пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет бірлесе отырып, 2-3 курс студенттері және профессорлық-оқытушылар құрамымен, жалпы 1452 адамның қамтылуымен кездесулер өткізді.
Іс-шара барысында университеттің табысты жұмысы мен білім беру қызметтерінің сапасын арттыру кепілі ретінде академиялық адалдық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға университеттің мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға және бұл көріністерге «нөлдік» төзімділікті қалыптастыруға бағытталған қызметі туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы жайлы айтылды.
Атап айтқанда, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор студенттерді оқу процесіне қатысты мәселелер бойынша тікелей өзіне жүгінуге шақырды. Бұл қосымша құзыреттерді алу, экономика, психология және басқа да арнайы курстар енгізу сияқты мәселелерді қамтиды. Іс-шара барысында әрбір студент оқу кезеңінде білім алуға берілген мүмкіндіктерді барынша пайдалануы тиіс екені атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша студенттердің академиялық адалдық қағидаттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы жеткілікті деңгейде хабардар екендігі атап өтілді.