2021 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында Әнет Баба мешітінде «Жас Орда» жастар қауымдастығының құрамына кіретін «AQNIET» жастар қайырымдылық ұйымы еріктілерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Аталмыш жәрмеңкеге факультет деканы, ТТ-18-3 тобының кураторы Б.К. Курмашева; тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, ОП-21-1 тобының кураторы М.Т. Оспангалиева; КТжЛЖ кафедрасы ТТ-21-1с тобының кураторы М.А. Жайлаубеков; Лог-19-2с тобының кураторы А.М. Мауленова; ТТ-18-2 тобының кураторы Р.М. Сеитов; ҚТжМ кафедрасы Лог-18-1 тобының кураторы Г.К. Сагатова; ТТ-21-1 тобының кураторы Л.М. Кулейменова; Лог-21-1 тобының кураторы Г.С. Байпеловалар топ студенттерімен (105 студент) қатысты. 61000 теңге көлемінде қаржылай жәрдем «AQNIET» ЖҚҰ жетекшісі Кеңесова Назираның жеке шотына аударылды және 21000 теңгеге азық-түлік алынып, жәрмеңкеге сатуға кондитерлік өнімдер пісірілді. Жәрмеңкеден түскен 143042 теңге қаражат Сарсен Айкүмістің еміне аударылды.