Қайырымдылық акциясын өткізу туралы есеп «Көмек қолын созыңыз»


Қарағанды техникалық университетінің орыс тілі және мәдениеті кафедрасы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 25 қазанында «Ақниет» қайырымдылық қозғалысының «көмек қолын созу»акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты Қарағанды облысының білім басқармасы жанындағы «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйіне» бару және қарағанды техникалық университетының оқытушылары мен студенттерінің  қайырымдылық көмек көрсету болып табылады. Акцияны ұйымдастырушылар кафедра меңгерушісі Оспанова Б.Р. және орыс тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары болып табылады.

Шараның модераторлары аға оқытушы Баймамыров С.А., аға оқытушы Сейдахметова З. К., оқытушы Тен А. В. және ПСК-20-1 тобының студенттері болды. Акцияға қатысушылар «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балалар үйіне» барып,  балаларға кеңсе жиынтықтарын, кондитерлік және аспаздық өнімдерді табыс етті.

Балалар болашақ жоспарларымен бөлісті, КарТУға түсу шарттары мен университетке бару мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Оқытушылар өз тарапынан өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша толық ақпарат берді, сондай-ақ болашақ мамандығын таңдауда қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Осындай қайырымдылық акциялары қайырымдылықты ерікті түрде жүзеге асырудың үлгісі бола отырып, адамгершілікті, патриотизмді насихаттауға, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына жақынына өзара көмек пен жанашырлық сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді.

Без рубрики