2024 жылдың 6 мамырында «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушысы, доцент Қ.М. Хамзина және кафедраның професссорлық оқытушылар құрамы, кураторлары Л.М. Кулейменова (ТТ-23-1, ТТ-23-1с), К.К. Нуржанова (Лог-23-2), А.Б. Аширбекова (Лог-23-1, Лог-23-1с), М.Т. Оспангалиева (ОП-23-1, ОП-23-1с) топ студенттерімен бірігіп, «Жас Орда» жастар қауымдастығының құрамына кіретін «AQNIET» жастар қайырымдылық ұйымының төрайымы Ақтоты Бадамбаеваға су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік түрлерін тапсырды.
Ел басына қиын-қыстау күн туғанда жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету әр адамның парызы деп ойлаймыз. Осы орайда халқымыздың басына түскен қиын кезеңдерде ел болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, көмек көрсетуді азаматтық парызымыз деп санадық.