«Қайта жаңаратын қуат көздері. Германияда жасалған» көрмесі


Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті

Қарағанды, Бейбітшілік б., 56

Тел/факс: 56-54-44

E-mail: kargtu@kstu.kz                                                                                                               

www.kstu.kz      

Ақпараттық хабарлама  23 мамыр 2013 ж.

Құрметті редакторлар мен тілшілер!

 

29 мамырдан 5 маусымға дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Қайта жаңаратын қуат көздері. Германияда жасалған» атты технологиялық көрмесі өтеді.

DENA Германиялық энергетикалық агенттілігімен дайындалған көрме материалдары электр энергиясының тиімді және экологиялық өндірісін және пайдаланудын болашағына жетуге мүмкіндік беретін қайта жаңаратын қуат көздерінің техникалық мүмкіндіктерін ұсынумен толық таныстырады.

Көрменің Қазақстан Республикасында Федеративтік Германия Республикасының атташе Александр Чуйков қатысуымен көрменің салтанатты ашылуы мамыр айының 29 күні, сағат 15:00-де өтеді. ҚарМТУ ректоры, ҚР ҒҰА академигі А.М.Ғазалиев іс-шара қатысушыларына сәлемдесу сөздерін айтады.

Без рубрики