Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Осы орайда, қазақ жазуы тарихында алғашқы түрен салушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов есімін құрметпен еске аламыз.
Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Өз кезеңінде «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған Ахмет Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді.Ол– ең бірінші, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, екіншіден, қазақтың әлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, үшіншіден, өнер иесі – ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жоғары математика» кафедрасы 07.02.2022-28.02.2022 аралығында 1-курс студенттері арасында «Менің ұстазым» атты аймақтық эссе байқауын өткізді. Байқауға қаламыздың жоғары оқу орындарының, атап айтқанда: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің, Қарағанды медициналық университетінің және А.Сағынов атындағы Қарағанды технкалық университетінің студенттері қатысты. Байқауға қатысушылар саны -30 студент. Байқаудың негізгі мақсаты: халқымызға еңбегі сіңген ұлы тұлғаларымызды дәріптеу, ұстаздардың қоғамдағы рөлін көтеру, жастардың шығармашылық қабылетін арттыру және сауаттылық дәрежесін көтеру. Өз жұмыстарында студенттер ұстазға деген ыстық ықыластарын, ұстаздың мамандық таңдауға деген көмегін және олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына қосқан үлестерін атап өткен.
Байқау қортындысы бойынша келесі студенттер 1-дәрежелі, ІІ-дәрежелі, ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды:
Батырбеков Адильхан–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, АиУ-21-3 тобының студенті (жетекшісі т.ғ.д., профессор Кажикенова С.Ш.);
Жұмахан Айғаным–Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, ГМУ-21-1қ тобының студенті (жетекшісі ф.ғ.к., профессор Акатаева Ш.Б.);
Балабон Юрий Евгеньевич–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, НД-21-2 тобының студенті (жетекшісі ф.-м.ғ.к., доцент Мустафина Л.М.);
Алакаева Сара Бейбитовна–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, ТЭ-21-2 тобының студенті (жетекшісі т.ғ.к., доцент міндетін атқарушы Журов В.В.);
Манапова Улпан Русланқызы–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Рэт-21-1 тобының студенті (жетекшісі аға оқытушы Қасымова Л.Ж.);
Тлеуғабылова Аружан Бауыржанқызы–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Аиу 21-2 тобының студенті (жетекшісі т.ғ.к., доцент міндетін атқарушы Шаихова Г.С.);
Бекмаганбет Индира Болатбекқызы–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, ОП-21-1 тобының студенті (жетекшісі Оспанғалиева М.Т.);
Мухаметов Михаил Александрович–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, СИБ-21-5 тобының студенті (жетекшісі п.ғ.к., доцент Абаева Н.Ф.);
Қалысова Гүлназ Сағадулақызы–Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Эко-21-1 тобының студенті (жетекшісі Жангабулова Зауре Калимжановна);
Жунусова Дилназ–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, ОП-21-2 тобының студенті (жетекшісі аға оқытушы Тулеутаева Ж.М.);
Кайыркен Анар–А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Лог-21-2 тобының студенті (жетекшісі оқытушы Мергембаева А.Ж.).