«Адалдық сағаттары»


04.05.2023ж Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінде студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаттары» өткізілді. Білім алушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің эксқызметкері Азамат Есжанов туралы түсірілген бейнеролик көрсетілді. Бейнероликті көргеннен кейін пікірталас барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске студент жастарды белсенді тарту, студенттердің арасында адалдық қағидаларын нығайту мәселелерін талқылады.

(қамтылуы-80 адам)

Без рубрики