Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Шетел тілдері кафедрасы 14 қараша 2024 жылы тәрбиелік іс-шара өткізді: дөңгелек үстел «Жаңалыққа жол: Абылкас Сағынов және Қазақстандағы техникалық білімнің дамуы»


Дөңгелек үстел 14 қараша 2024 жылы өтті, оған 50 бірінші курс студенттері мен Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары қатысты. «Жаңалыққа жол: Абылкас Сагинов және Қазақстандағы техникалық білімнің дамуы» дөңгелек үстелінің барысында Абылкас Сағыновтың білім саласындағы үлесі мен оның елдің болашағына ықпалын талқылады. Іс-шара шет тілдері кафедрасының оқытушыларының құттықтау сөзінен басталып, болашақ мамандар үшін тілдік дайындықтың және ғаламдық қарым-қатынастың маңыздылығы атап өтілді.

Студенттер А.С.Сағыновтың мұрасы мен Қазақстан үшін техникалық білімнің маңызы туралы презентациялар ұсынды, оның экономикалық даму мен елдің әлемдік аренадағы позицияларын нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті. Талқылаудан кейін студенттер техникалық білім және оның елге әсері туралы білімдерін тексеретің викторина өткізілді.

Қорытынды ретінде креативті тапсырма ұйымдастырылып, студенттер Қазақстан үшін футуристік мәселерелрді шешуге қатысты идеяларын ұсынып, смарт қалалар құру, қарт адамдарға көмек көрсету үшін робототехника және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жобаларын ұсынды. Іс-шара Абылкас Сагиновтың мұрасын сақтау жөніндегі белсенді қатысу мен үлес қосқандары үшін барлық қатысушыларға алғыс сөздерімен аяқталды.

Жауапты оқытушылар: Токумбаева А.А., Ховдабай Д.Л., Ержуманова А.Б., Айтбаева С.Х.

Без рубрики