Т.А.Ә., туған күні: Қабыкенов Сапар Жомартұлы, 29 мамыр 1953 ж.т.
Жұмыс өтілі: жалпы өтілі — 53 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі — 46 жыл.
Лауазымы: т.ғ.к., доцент, «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі.
Қандай ЖОО, қандай мамандық бойынша және қашан бітірді: Қарағанды политехникалық институтын (КарПТИ) «Автомобиль көлігі» мамандығы бойынша, 1976 ж.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Жұмысқа қабылданған күндерді және атқаратын лауазымдарын қоса алғанда, бөлімшелердегі жұмыс:
1976 жылдан 1978 жылға дейін Жезқазған қаласындағы «Қазмедқұрылыс» тресті автобірлігінің бас автобазасының бас механигі болып жұмыс істеді.
1978 жылдан 1980 жылға дейін ҚарПТИ Жезқазған филиалының «Автомобиль көлігі» кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді.
1980 жылдан бастап Мәскеу автомобиль-жол институтының (МАДИ) «Автомобиль көлігін пайдалану» кафедрасының күндізгі аспирантурасының тағылымдамашы-зерттеушісі, одан кейін аспиранты.
1987 жылы МАДИ (Мәскеу) техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
1884-1989 жылдары ҚарПТИ Жезқазған филиалының «Автомобиль көлігі» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
1989 жылдан 1990 жылға дейін ассистент, ҚарПТИ «Автомобиль көлігі» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1990 жылдан 2012 жылға дейін ҚарПТИ, ҚарМТУ «Автомобиль көлігі» кафедрасының доценті болып жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі.
Негізгі ғылыми мүдделер: Көлік техникасын пайдалану және оның сенімділігі міндеттерін шешудің негізгі проблемалары мен жолдары. «Көлік, көліктік техника және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар мен докторанттарға басшылық ету
Негiзгi жарияланымдар: 4 оқулық, 37 оқу құралы, 3 монография, 40-тан астам әдістемелік әзірлемелер және Scopus деректер базасында 4 ғылыми мақала, әртүрлі еңбектер жинақтарында 60-тан астам ғылыми мақала шығарылды.
Оқу жылында оқылатын пәндер: Көліктік-логистикалық орталықтар және терминалдық технологиялар (бакалавриат), Автомобильдерді техникалық пайдалану (магистратура), Көлік техникасына қызмет көрсету құралдарын оңтайландыру (докторантура).
Біліктілігін арттыру: Үлкен класты «Yutong» автобустарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу ерекшеліктері (72 сағат), 15.04.2024 — 10.05.2024.
Байланыс деректері: Жұмыс телефоны: 56-59-32 (ішкі: 2049). Электрондық пошта мекенжайы: sapargk@mail.ru