Мен Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетін бітірген соң «Металлургияда» бакалавр және «Машина жасауда» магистр дәрежелеріне ие болдым. Мен бірінші рет Италияға 2012 жылы, қыркүйек айында ARCADE EMAR2 (Erasmus Mundus Action 2) бағдарламасы бойынша Турин қаласындағы Турин Политехникалық Университетіне оқытушы есебінде бір айға машықатнуға бардым. ТПУ 1859 жылы ашылды, ол Италияның солтүстігінде орналасқан. 2011 жылы ТОП 75 техникалық университеттердің тізіміне еніп, Италияда бірінші орын алады. Университеттің екі оқу ғимараты бар, оның біреуі сәулеттік болып табылады, ол По көлінің жағалауында орналасқан Валентино қорғаны, ал қасында Валентино бағы орналасқан.
Мен келгенде көзіме түскен бірінші зат – таза, тастан жасалған көшелер мен тұрғын үйлердің сәулеті. Қаланың әр бұрышы – патша басқару кезінен ерекше сәулеттік ізденіс болып табылады. Қалада патша және патшайымдар атымен аталған қорғандар мен сарайлар бар. Университетке келсек, мен оның техникалық жабдығына таң қалдым, бұл жерде тіреку кезінде адамдар арасында ешқандай тірідей байланыс жоқ, барлығы автоматтандандырылған. Коридорлар мен көшелерде, барлық жерде терминалдар орналасқан, олардың мақсаты велосипед жалдаудан бастап, тамақ сатып алу сияқты тұрғындардың қажеттіліктерін өтеу. Сонымен қатар мені «тұрғын емес» адамдардың саны таң қалдырды, бірақ бұл тек қана университет пен оның шегіне байланысты, себебі ол шетел студенттердің 70/30 (шетел/тұрғындар) арақатынас қабылдауында негізделген.
Бұл стипендиялық бағдарлама жөнінде берген ақпарат үшін әріптестеріме және конкурстан өткенде берген қолдау үшін алғысымды білдіремін. Бұл конкурста негізгі параметрлерінің бірі ағылшын тілін (немесе итальян тілі, мемлекетке байланысты) білу және тіл білімін растайтын сертификат, менің жағдаймда ТОЕФЛ болды. Машықтанушы ретінде шақырылған соң, менің мақсатым оқу емес, саралау және тестілеу жабдығында жұмыс іскерлігін жоғарлату, сонымен қатар университетте оқу және ғылыми үдерістерінің тәртібімен танысу болды., Біздің мемлекетіміздегі білім жүйесі басқа болып ерекшеленді, себеі Италияда студенттік топтар деген ұғым пәндердің еркін таңдау саласынан жоқ; студенттер күніне 1-2 реттен көп тіл курсынан басқа кездеспейді. Дәрістердің ұзақтығы да таң қалдырды – үш сағатқа дейін, бес минут үзілісімен, сондықтан да студенттер арасында дәріске кофе алу өте жиі таралған. Италиядағы кофе ең жоғары сапада, сұрыптары — сансыз, менің ең сүйіктісі- мокачино мен макиато.
Менің машықтануыма жееткшілік еткен профессор Джиованни Майца, есептеу мультифизика тобының жетекшісі және өте жақсы адам. Мег осы топта болған уақытта, оның құрамдас бөлігі болдым. Біздің топта 4 курс студенттері, 1 және 2 курстарының магистранттары мен докторанттар болды. Студенттер зерттеу қызметіне кіші ғылыми қызметкерлердің деңгейінде кірісті. Итальяндықтардың асқан дәлдігін де атап кетуге болады, бұл жұмыскерлер мен жетекшілерге байланысты, бұл жерде «Мен бастықпын, кейбір міндеттерді атқарудың керегі емес» деген жоқ, олар барлығы жалпы мақсатқа жету үшін бірдей қызмет атқарады. Машықтану кезінде менде жетекшімен бірнеше рет көзбе-көз кездестім, себебі ол ұсынған ақпарат тек электронды түрде болды. Бұл жерде күнделікті өмірде гаджет қолданумен байланысты ешқандай қиындық жоқ, кішісінен үлкеніне дейін смартфон қолданады, себебі бұл өте ыңғайлы.
Оқудан басқа уақытты мен тиімді қолдануға тырыстым, қаланың бүкіл қызықты жерлеріне бардым. Әр күн жарқын эмоция мен сезімдерге толы болды. Римдағы демалыста есте қалды, бұл әдемі қаланы сөзбен сипаттау өте қиын, оның Колизей,Сенат, бұрқақ және басқа көркемдіктерін өз көзімен көру керек. Менің тәжірибемнен Италияда тұру үшін бастысы — «Know who you are and take some friends with you». Еуропада оқим дейтіндерге сәттілік және уақытты жақсы өткізуге тілеймін, себебі осындай мүмкіндік күнде бола бермейді.
Buona fortuna, amici miei!
Эльдар Азбанбаев,
PhD докторанты