Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 12 желтоқсан күні сағ 10:00-де ҚММУ-да, Қарағанды қ., Гоголь көш.,40 мекен- жайы бойынша өтетін «Жастар- болашағымыздың тірегі» атты студенттік ғылыми- тәжірибелік университет аралық конференцияға қатысуға шақырады. Қатысушыларды тіркеу сағ 9.30.
Конференцияның бағыттары:
- «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы студент жастардың рөлі;
- Құқықтық мәдениетті арттыру және жастар бойында мемлекеттіліктің негізін салушы құндылықтарды құрметтеуді қалыптастыру;
- Руханилықтың халықаралық келісім, халықтың бірлігін нығайту және болашақ мамандардың кәсіпқойлығын қалыптастырудың факторы ретіндегі рөлі.
* Конференция шеңберінде өткізіледі
- Пленарлық отырыс және сессиялар (конференцияның бірінші бағыты бойынша);
- Дөгелек үстел (екінші бағыт бойынша);
- Пікір- сайыстар (үшінші бағыт бойынша).
30-шы қарашаға дейін үлгі бойынша өтінішті толтырып, қатысатыныңызды растауларыңызды сұраймыз. (қосымша жүтеу)