Конференцияға шақыру!


ECO-Campus жобасының міндеттерін  жүзеге асыру  шеңберінде 2014 ж. 7 желтоқсанда өтетін         «Менеджмент, маркетинг, кәсіпкерлік: тұрақты дамуға  жәрдемдесу» атты Бірінші Халықаралық Ғылыми- тәжірибелік интернет- конференцияға шақырамыз!

Конференцияның басты міндеттері:

  • Тұрақты даму идеяларының мәтінінде Менеджмент, маркетинг және бизнес саласындағы өзекті білімдермен алмасу;
  • Жоғары оқу орындарының оқу жоспарлары мен бағдарламаларының тұрақты даму міндеттеріне бейімделуі бойынша  құрылған Халықаралық университеттер торының  бірлескен іс-әрекетінің стратегиялық бағыттарын іздеу;

Конференция нәтижелері- тезистер жинағы (орыс немесе ағылшын тілдерінде), Ұлттық тау-кен университетінің  «Научный вестник» ғылыми журналының арнайы  басылымы (ағылшын тілінде), монография (орыс тілінде).

Тезистерді қабылдау мерзімі- 2014 ж. 9 желтоқсан.

Мақалаларды қабылдау мерзімі- 2014 ж. 25 желтоқсан.

Іс-шара «мәртебелі» қасиетке ие екеніне назар аударамыз:

  • Конференцияның барлық материалдары ғаламтор ресурстарында еркін қол жетілімділікте болады.
  • Монография және журнал басылымы заманауи ғылыми элитаның ғылыми көзқарастарын көрсетуге негізделген. Біз жоғары деңгейдегі пікірсайысты күтеміз- барлық авторлардың ғылыми дәрежесі болуы тиіс.
  • Монография ТМД елдері кеңістігіндегі алдыңғы қатарлы университеттердің кітапханаларына жіберіледі.
  • Пікірсайыстың кең географиялылығы- әр университеттен монографияға бір- ең көп дегенде екі бөлім қабылданады.

Жобаға қатысу шарттары туралы толық ақпарат конференция сайтында орналастырылған:  http://mvs.nmu.org.ua/ru/scien/konf_2014/

 

Без рубрики