Сіздерді және студенттеріңізді «Президентке хат» атты эссе жарысына қатысуға шақырамыз!
Іс- шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған!
Жарысқа қатысушылар:
Жарысқа қатысуға 1-3 курс топтарының студенттері шақырылады.
Жарыстың өту мерзімі мен кезеңдері:
Эссе жарысы 2014 ж. 28 қазан- 21 қараша аралығында өтеді. Жарыс нәтижелері 2014 ж. 28 қарашада жарияланады.
Жарыстың негізгі міндеттері:
- Жеке қабілеттерді жүзеге асыру;
- Оқуда жетістікке жетуге ынталандыруды арттыру;
- Лидерлік қасиеттерді дамыту;
- Мақсат қою және оған жете білу қабілеттерін көрсету;
- Жігерлілік пен шығармашылықты мадақтау;
Жарыстың өту тәртібі:
Әр оқытушы 1-2 студент дайындауы тиіс.
Жарысқа қатыстырылатын материалдар ағылшын тілінде қабылданады.
Әр қатысушы 1 жұмыс тапсыра алады.
Жеңімпаздарды (ең үздік 3 жұмыс) Ұйымдастыру комитеті мүшелерінен құрылған қазылар алқасы таңдайды.
Жарысқа жұмыс ұсынудың ережесі:
Эсселер қағаз түрінде А4 үлгісінде қабылданады.
Жұмыс тақырыбында көрсетілуі тиіс: эссе жарысы, автордың аты- жөні.
Жұмыстың басында келесі ақпарат көрсетілуі тиіс: жұмыс тақырыбы, автордың аты- жөні, тобы, оқытужының аты- жөні.
Эссе жарысына жіберілетін жұмыстар келесі талаптарға сай болуы тиіс: жарыстың міндеттелген тақырыбына толықтай сәйкес болуы керек; жұмыс көлемі Times New Roman 14 қарпімен, дара аралықпен, шеттері: сол жағынан -3 см., басқа жақтарынан -2 см. жазылған 2 басылым бетінен артық емес.
Эссе қабылдаудың соңғы күні 2014 ж. 21 қараша.
Жарыс жұмыстарын бағалау критерийлері:
Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланады: мазмұндылық, шынайылық, шығармашылық, тақырып өзектілігі, өз көзқарасын ұсыну; тақырыпты ашу толықтығы, баяндау қисындылығы, қорытындының негізділігі, ақпараттылығы (эрудиция).
Жеңімпаздарды марапаттау:
Жарыс жеңімпаздары (ең үздік 3 жұмыстың авторлары) 2014 ж. 28 қарашада 517 б. Өтетін салтанатты жиында мақтау қағаздарымен марапатталады.