Докторлық диссертация қорғау туралы


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде философия докторы PhD ғылыми дәрежесін алу үшін  Хуанган Нурболдың 6D070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша «Көмір шахталарындағы геомеханикалық жағдайлардың көмір мен газдың кенеттен лақтырысына әсері» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің пайдалы қазба кен орындарын өндеу кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

1 Шамганова Ляззат Саевна – техника ғылымдарының докторы, профессор, Д.А. Қонаева атындағы тау-кен институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. (25.00.22 – Геотехнология, ашық, жерасты және құрылыстық; 25.00.20 — Геомеханика, жыныстарды аттырып бұзу, кеніштік эрогазодинамика және тау-кен теплофизикасы).

2 Абеуов Еркебұлан Айтуғанұлы – техника ғылымдарының кандидаты, АҚ О. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, «Тау-кен ісі және металлургия» кафедрасының доценті  (25.00.22 – Геотехнология, ашық, жерасты және құрылыстық).

Ғылыми кеңесшілер:

Исабек Туяк Копейұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Пайдалы кен орындарын қазып өндіру» кафедрасының меңгерушісі.

Ходжаев Рустам Рифкатұлы — техника ғылымдарының докторы, ЖШС «ГеоМарк» ғылыми-инженерлік орталығының директоры.

Алиев Самат Бекетаевич – техника ғылымдарының докторы, Мәскеу тау-кен институтының (МТКИ) МБжҚИ профессоры, (Ресей).

Қорғау 2014 жылғы 26 қарашады, сағат 12.00-де Қарағанды мемлекеттік университетінің Диссертацилық кеңесінде келесі мекен жайы бойынша өтеді: 100027, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, тау-кен факультеті корпусы, 302 аудитория.

Сайт адресі: www.kstu.kz, e-mail: khuangan-nur@gmail.ru

Без рубрики