«Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың заманауи мәселелері» атты V республикалық студенттік ғылыми- тәжірибелік конференциясы


Құрметті әріптестер!

2014 ж. 28 қараша Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде  «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың заманауи мәселелері» атты V  республикалық студенттік ғылыми- тәжірибелік конференциясы  өтеді. Конференция бағдарламасы пленарлық, секциялық және стендті баяндамаларды қамтиды.

Секциялық отырыс тақырыптары:

  • Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Жастар ортасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  • Тұлғалық дамудың  рухани- адамгершілік негізі.
  • Жастар ортасындағы құқықтық мәдениет және әумесерлік мінез-құлық

Конференцияға ұсынылатын баяндамалар өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы тиәс және тәжірибелік мәні болуы тиіс. Ең үздік баяндамалар мақтау қағаздарымен, естелік жүлделермен марапатталады және ұйымдастыру комитетінің шешімімен конференция еңбектерінің жинағына кіреді.

Конференцияның жұмыс регламенті: Пленарлық баяндама- 10-15 мин., Секциялық баяндама- 5- 7 мин., пікірталасқа қатысу- 3 мин.

Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Ақпарттық хат жүктеу

 

 

Без рубрики