ММ «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 29 жарлығымен бекітілген 2011 -2020 жылдарға арналған ҚР тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында осы жылдың қараша айында қалалық «Тілдарын-2014» байқауын өткізеді.
Аталмыш байқауға 18-30 жас аралығындағы оқытушылар, студенттер және мамандар қатыса алады.