Продуктивті жаңашылдықтарды ынталандыру жобасы бойынша табиғатты қорғау іс-шараларының нобайлы жоспарын қоғамдық талқылау туралы хабарлама.
Жоспарланған іс- шараның тапсырыс берушісі: Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі, 010000, Астана, Орынбор көш., 8. Байланыс тел: +7 7172 74-25-19; +7 7172 79-25-64, электронды адресі: info@edu.gov.kz, сайт: www.edu.gov.kz
Жоспарланған іс- шараның мақсаттары: Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесіне жоғары бәсекелестік жаһандық рыногтердегі тиімділігін арттыруға көмек көрсету.
Жоспарланған іс- шараның негіздемесі: Продуктивті жаңашылдықтарды ынталандыру жобасы 2012- 2017 қаржы жылдарына бәсекелестікті жетілдіру және жұмыс орындарын құруға ат салысуға арналған мемлекетпен серіктестік стратегияларының бірінші бағытының шеңберінде жасалды.
Жоспарланған іс- шараның сипаттамасы: Продуктивті жаңашылдықтарды ынталандыру жобасы продуктивті инновацияларды алға жылжытады, экономиканың продуктивтілігін және бәсекелестігін ғылыми- өндірістік байланыстарды ынталандыру және технологиялардың инкубациялық циклдарын келесі міндеттерді орындау арқылы жетілдіре отырып жүзеге асырады:
• коммерциализациялау үшін жобалық ойлар мен жетілдірілген адамдардың капиталын дайындау;
• қазақстандық ғылыми- зерттеушілік зертханаларды ашу және интернационалдандыру және олардың өндіріспен байланысын қамтамасыз ету;
•ҒЗТҚТ-дың нәтижелерін коммерциализациялаудың алғашқы кезеңдерінде қолдау көрсету;
• фирмалардың инкубациялануларының алғашқы кезеңдерінде үлестік капитал беру;
• Ең үздік ЖИМ координациясын қамтамасыз ету;
Жоспарланған іс- шараның өту орыны: Қазақстан Республикасы
Жоспарланған іс- шараның өту мерзімдері:
Жұмыстардың басталуы- 2015 ж . қыркүйек
Жұмыстардың аяқталуы- 2020 ж. желтоқсан
Қоғамдық талқылау мен ескертулер ұсыну мерзімі 2014 ж. 11 – 26 қыркүйек аралығында
Нобайлы жоспардың құжаттамасымен танысуға болады:
— Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары, ЖОО-дан кейінгі білім беру және халықаралық ынтымақтастық департаменті- 010000, Астана, Орынбор көш., 8, 645 б. — байланыс жасаушы №1 Нуржанов Талгат Булатович – тел. +7 7172 74-25-19, факс +7 7172 74-24-08 электронды адресі: Talgat.Nurzhanov@edu.gov.kz, сайт: www.edu.gov.kz
-Нобайлы жоспар Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің сайтында берілген (сілтеме:http://www.grodnoautodor.com/pictures/rezume.pdf).
Нобайлы жоспар бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары, ЖОО-дан кейінгі білім беру және халықаралық ынтымақтастық департаментіне жіберу қажет- 010000, Астана, Орынбор көш., 8, 645 б. — байланыс жасаушы №1 Нуржанов Талгат Булатович – тел. +7 7172 74-25-19, факс +7 7172 74-24-08 электронды адресі: Talgat.Nurzhanov@edu.gov.kz, сайт: www.edu.gov.kz
Нобайлы жоспарды қоғамдық тыңдаудың (жиналыс) өту мерзімі: 29.09.2014 ж. Өту уақыты мен орыны қосымша айтылады.
Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық байланыс біліміне хабарласыңыз, 309а б., бас оқу ғимараты.