1 қыркүйек – Білім күні, Ресейде елдің мемлекеттік мерекесі ретінде ресми бекітілген күнінен бастап, яғни 1984 жылдан бері тойланады. Ұлы Петр басқаруына дейін 1 қыркүйек Жаңа жылдың басталу күні деп есептелетіні белгілі, алайда Еуропаның ықпалына көнген «реформатор» өзінің жігерлі шешімімен жыл есебін батыс мәнеріне ауыстырды (1 қаңтар). 1 қыркүйек барлық оқушыларға жаңа оқу жылының басталу күні және бірінші сынып оқушыларына Алғашқы қоңырау күні, олар қоңырау, сабақ пен үзілісі бар жаңа өмірге енді қадам басып келеді. Білім күні дәстүрлі түрде мектеп шеруімен өткізіледі – бұл ең маңызды оқиға, осы кезде оқушылар білім күніне құттықтаулар айтып, мұғалімдеріне гүл сыйлап, мерекелік шаралар өткізеді. Білім күні – бұл әр уақытта мейірімді және уайымсыз мейрам, ол мектептерде ерекше салтанатты түрде және бір-бірін сағынған сыныптастар арасында шаттықпен өткізіледі. Сіздерді білім күнімен әскери кафедраның атынан құтықтай отырып, жаңа оқу жылында табстар тілейміз.