Клаусталь техникалық университетімен ынтымақтастық


Берілген мақаланың түпнұсқасы неміс тілінде Клаусталь техникалық университетінің ресми сайтында берілген. Танысу үшін мына сілтемеге жүгінініз: http://www.tu-clausthal.de/presse/nachrichten/details/1716.html

 


Clausthal Техникалық университеті және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ұзақ мерзімді ынтымақтастықта. Қазақстанда көлемі бойынша 4-ші орын алатын қаладан жазғы семестр уақытында 14 адамнан құралған топ 4 күндік сапармен геотехника және маркшейдерлік іс институтына (IGMC) барып қайтты.
Группа студентов из КарГТУ во время посещения музея горного дела в г. Клаусталь. Foto: IGMC Фото с сайта ТУ Клаусталь http://www.tu-clausthal.de/presse/nachrichten/bilder/6/1/1716_org.jpg

ҚарМТУ студенттерінің тобы Роберт Кохтың үйінің жанында Клаусталь қ.

Клаусталь ТУ сайтынан  http://www.tu-clausthal.de

Сонымен қатар, Орталық Азия студенттері Клаусталь қаласында орналасқан Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Кохтың бала күнінен бастап бірнеше жыл бойы тұрған үйіне барды.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен Clausthal Техникалық университеттерінің ынтымақтастық қатынасы 2005 жылы басталды.Ол кезде Қазақстанда аспирантура бітіріп жатқан Дмитрий Мозер үш айлық шәкіртақыға сәйкес IGMC-де сынақ мерзімін өтті. Қарағанды және Клаусталь қалалары арасындағы байланыс келесі жылдарда студенттермен алмасу арқылы жүзеге асты. 2010 жылы Қазақстанға келген институт профессоры Вольфганг Буш аталмыш зерттеу мекемелерінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 150000 неміс ұлтының өкілдері тұратын, Алманиядан 8-есе үлкен Қазақстан әлемнің пайдалы қазбаға ең бай мемлекеттерінің біріне жатады.

Техникалық университетке келген кезде Дмитрий Мозердің басшылығында геодезия және маркшейдерлік іс мамандығының қазақстандық студенттері болды.Профессор Буш оларға қандай зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты және Клаусталь университетінің маркшейдер- геодезиялық құралдарының топтамасын ұсынды. Сонымен қатар, қонақтар институттың геологиялық мущейін және университет кітапханасын (UB) аралады. UB-де олар сабаққа тыңғылықты дайындалып жатқан студенттерді көріп таңданды.

Бұған қоса, студенттер қолдау бағдарламалары мен зерттеу жүргізу мүмкіндіктері туралы ақпарат алып, «Өлшеудің геодезиялық әдістері және сенсорлар» дәрісіне қатысты.

Бағдарлама маңайда серуендеумен және Гослар қаласына барумен аяқталды. Студенттерге тағы көптеген қызықтар көрсетілді, мысалы, жұмысын тоқтатқан кеніш аумағында орналасқан Гослар тау-кен ісінің мұражайы.

Без рубрики