Мамандықтар



1) Кафедра 5В071800 «Электрэнергетика» мамандығының ішінде келесі бағыттар бойынша бакалаврларды оқытады:

  • «Жалпы өнеркәсіптік өндірісінің электржетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыруы»;
  • «Тау-кен өнеркәсіптің электржетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру».

Мамандық бойынша оқу бағыты 3 семестрден кейін таңдалады

5В071800 «Электрэнергетика» мамандығы бойынша бакалаврлардың кәсіби қызмет объектісі басқарылатын электрмеханикалық және технологиялық жүйелер болып табылады, оған жатады:

  • машина және механизмдердің электртехникалық жабдықтары (сала бойынша);
  • электржетегі;
  • электрмеханикалық жабдықтарға арналған ақпарат беру жүйелері;
  • технологиялық кешендер және электржетектердің жұмыс режимдерін басқару және бақылау үшін арналған компьютерлер және микропроцессорлық жүйелер.

2)  Кафедра 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығының ішінде келесі бағыттар бойынша бакалаврларды оқытады:

  • «Технологиялық процестерді және өндірісті автоматтандыру»;
  • «Автоматика, телемеханика және байланыс»;
  • «Мехатроника және роботтытехника».

Мамандық бойынша оқу бағыты 3 семестрден кейін таңдалады

5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бакалаврлардың кәсіби қызмет объектісі келесі аймақтарда қолданатын автоматтандырылған, мехатронды және роботтытехникалық кешендері:

  • машинажасау, авиациялық, космостық және әскери техникасы, жол-көлік техникасы;
  • компьютермен басқарылатын техникалық жүйелері;
  • қорғау жүйелері;
  • ақпаратты-өлшеуіш жүйелері;
  • өнеркәсіптік байланыс жүйелері және реалды уақыттағы ақпаратты жинау, өңдеу және тасымалдау жүйелері.

Оқыту автоматтандыру аймағындағы SIEMENS, FESTO, MITSUBISHI әлемдегі үздік-фирма жабдықтарымен өткізіледі және оқыту барысында лицензияланған ПҚ қолданылады: WinCC SCADA – жүйесі, Genesis, контроллерлерге бағдарлама жазатын STEP7 тілі.


«Автоматтандыру және басқару» мамандығына 2012 жылғы өту баллдары (күндізгі оқыту түрі)

Қазақстан бойынша гранттар саны
(қала/ауыл)
Өту балы
(қала/ауыл)
Мемлекеттік тілде оқыту
105/45
91/83
Орыс тілінде оқыту
70/30
88/64
Профильдік пән
математика

«Автоматтандыру және басқару» мамандығына 2012 жылғы өту баллдары (күндізгі қысқартылған оқыту түрі )

Қазақстан бойынша гранттар саны
(қала/ауыл)
Өту балы
(қала/ауыл)
Мемлекеттік тілде оқыту
40/-
51/-
Орыс тілінде оқыту
20/-
50/-
Профильдік пән
математика

«Электрэнергетика» мамандығына 2012 жылғы өту баллдары (күндізгі оқыту түрі)

Қазақстан бойынша гранттар саны (қала/ауыл)
Өту балы
(қала/ауыл)
Мемлекеттік тілде оқыту
202/85
84/78
Орыс тілінде оқыту
132/56
81/66
Профильдік пән
математика

«Электрэнергетика» мамандығына 2012 жылғы өту баллдары (күндізгі қысқартылған оқыту түрі)

Қазақстан бойынша гранттар саны (қала/ауыл)
Өту балы
(қала/ауыл)
Мемлекеттік тілде оқыту
35/-
52/-
Орыс тілінде оқыту
35/-
50/-
Профильдік пән
математика

Мәліметтер 2012 жылғы тест нәтижелерінен алынған, жалпы 100 сұрақтан құралған 4 пән нәтижелерінен тұрады.
Күндізгі толық оқыту түрі мемлекеттік тапсырыс және ақылы негізде жүргізіледі.
Басқа оқу түрлері — ақылы негізде жүргізіледі.
Толық оқыту түрі бойынша қабылдау ҰБТ немесе республикалық тест нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.


3) 6M070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығының магистранттары келесі бағыттар бойынша оқытылады:

  • «Тау-кен өндірісінің электртехникалық кешендерін автоматтандыру»;
  • «Технологиялық бақылау және басқарудың компьютерлік жүйелері»;
  • «Жалпы өнеркәсіптік өндірістің электртехникалық кешендерін автоматтандыру».

ӨПА кафедрасының магистранттарында екі дипломдық білім беру жүйесі арқылы оқуға мүмкіндіктері бар. 6М070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығының магистранты екінші дипломды бір жылдық дайындау бағдарламасын Мәскеу техникалық университетінде (Мәскеу энергетикалық институты), Томск мемлекеттік техникалық университетінде бітірген соң алады.

4) 6М071800 «Электрэнергетика» мамандығының магистранттары келесі бағыт бойынша оқытылады:

  • «Технологиялық кешендердің электржетегі және автоматтандыруы» ішіндегі траекториясы «Тау-кен өнеркәсібінің электржетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру».

6М071800 «Электрэнергетика» мамандығының магистранттарында екі дипломдық білім беру жүйесі Томск мемлекеттік техникалық университетінің бірлескен оқыту бағдарламасы арқылы жүргізіледі.

Без рубрики