Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080

қаулысымен бекітілген

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Магистратура

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

40. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен магистранттардың ЖОЖ-ы негізінде жасалады және оны Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) айқындалады.

ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады.

46. Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);

2) ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);

3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);

4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертация тақырыбы;

5) магистрлік диссертацияны орындау жоспары;

6) ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.

 

3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

80. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:

1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығының болуы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік, технологиялық жетістіктеріне сүйенуі;

4) ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерін қолдану арқылы орындалуы;

5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;

6) тиісті білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі тиіс.

81. Магистранттың эксперименталдық-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар.

Бейіндік магистратурадағы эксперименталдық-зерттеу жұмысы:

1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;

2) ғылым мен техниканың, өндірістің қазіргі жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсынымдарды, басқарушылық міндеттердің өзіндік шешімдерін қамтуы;

3) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;

4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименталды-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс.

82. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өтілуіне қарай әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде ресімделеді.

МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуі қарастырылады.

86. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды.

88. Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейінгі екі айдың ішінде магистрлік диссертацияға жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы ғылыми кеңес шешімінің негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесінің болуы және ғылымның осы саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде шұғылдануы тиіс. Қажет болған жағдайда ұқсас ғылым саласы бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.

 

4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша

 Ғылыми және педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 2 жыл)

Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар

МӨЖ

1

Теориялық оқыту (1:2)

42

45

1890

630

1260

52,0

2

Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың теоретикалық оқытудан алшақсыз ғылыми-зерттеу жұмысы (1:7)

3

360

45

315

Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (1:7)

4

9

480

60

420

54,5

3

Қорытынды аттестаттау (1:6)

4

8

420

60

360

52,5

БАРЛЫҒЫ

53

62

3150

795

2355

4

Теоретикалық оқытудан алшақсыз практика (педагогикалық) (1:1)

3

90

45

45

30,00

5

Практика (зерттеу) (1:7)

3

12

360

45

315

30,00

6

Демалыс

13

7

Емтихан сессиясы

9

Барлығы (52 апта х 2 ж. — 8 апта= 96 апта)

59

96

3600

885

2715

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 2-қосымша

Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 1 жыл)

Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар

МӨЖ

1

Теориялық оқыту (1:2)

18

15

810

270

540

54,00

2

Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы (1:7)

4

9

480

60

420

54,55

3

Қорытынды аттестаттау (1:6)

4

8

420

60

360

52,5

БАРЛЫҒЫ

26

32

1740

390

1320

4

Практика (өндірістік) (1:4)

2

5

150

30

120

30,00

5

Демалыс

4

6

Емтихан сессиясы (2х2 апта)

3

БАРЛЫҒЫ (52 апта х 1 ж. — 8 апта = 44 апта)

28

44

1860

420

1440

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 3-қосымша

Бейіндік магистратураның білім бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 1,5 жыл)

Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар

МӨЖ

1

Теориялық оқыту (1:2)

36

30

1620

540

1080

54,00

2

Магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы (1:7)

4

9

480

60

420

54,55

3

Қорытынды аттестаттау (1:6)

4

8

420

60

360

52,5

БАРЛЫҒЫ

44

47

2520

660

1860

4

Практика (өндірістік) (1:4)

4

10

300

60

240

30,00

5

Демалыс

11

6

Емтихан сессиясы (3х2 апта)

6

БАРЛЫҒЫ (52 апта + 22 апта. = 74 апта)

48

74

2820

720

2100

 

 

Докторантура

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

14. Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы маңызы бірдей екі білім және ғылым компоненттерінен тұрады, олардың арақатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді.

15. Докторантураның білім беру бағдарламасында:

1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқыту;

2) докторанттардың практикалық даярлығы: практика, кәсіби тағылымдамалар түрлері;

3) докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы;

4) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.

16. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің негізінде жүзеге асырылады. Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысанын, құрылымын және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы өзі айқындайды.

17. Жұмыстың барлық түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материалдың көлемі бойынша жүзеге асады және оқудың нақты нәтижелеріне жетуге қажетті докторант пен оқытушының еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді. Бұл ретте алдыңғы білім деңгейінде игерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы кредиттік жүйе қолданылады.

Докторанттың докторантураға түсер алдында докторантураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны өзі айқындайды.

Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда докторантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда докторантурада білім алу докторант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.

27. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру қағидаларына сәйкес, докторанттың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері ғылыми, ғылыми-аналитикалық және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы тиіс.

 

3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

72. Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушының ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы:

1) докторлық диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуы;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

4) компьютерлік технологияны пайдалана отырып мәліметтерді өңдеудің және интерпретациялаудың заманауи әдістеріне негізделуі керек;

5) ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы;

6) қорғалатын негізгі ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс.

73. Бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша білім алушының эксперименталды-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

Докторанттың эксперименталды-зерттеу жұмысы:

1) докторлық диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес келуі;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы;

3) ғылымның, техниканың және өндірістің заманауи жетістіктеріне негізделген және нақты практикалық ұсыныстары, кешенді сипаттағы басқару мәселелерінің өзіндік шешімдерінің болуы;

4) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;

5) қорғалатын негізгі ережелер бойынша эксперименталды-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс.

74. Ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысының нәтижелерін докторант әр академиялық кезеңнің соңында қысқаша есеп түрінде ресімдейді.

ДҒЗЖ/ДЭЗЖ шеңберінде докторанттың жеке жұмыс жоспарында міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуі қарастырылады.

75. Докторанттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысының ең соңғы қорытындысы докторлық диссертация болып табылады.

Докторлық диссертацияның тақырыбы оның өзектілігін есепке ала отырып докторантураға қабылданғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей анықталады. Диссертациялық зерттеудің бағыты, әдетте, ұлттық басымдықтармен не мемлекеттік бағдарламалармен не іргелі немесе қолданбалы зерттеу бағдарламаларымен байланысты болуы тиіс.

76. Докторлық диссертацияның негізгі нәтижелері осы стандарттың 27-тармағына сәйкес жариялануы тиіс.

 

4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

85. Докторантураның жалпы құзыреттіліктері:

1) мынадай:

—    ғылым эволюциясындағы парадигмалардың ауысуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы;

—    жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының пәндік, дүниетанымдық және әдіснамалық ерекшеліктері туралы;

—    білімнің белгілі бір саласындағы ғылыми мектептер мен олардың теориялық және практикалық жаңалықтары туралы;

—    белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары туралы;

—    ғылыми жаңалықтарды практикалық қызметке ендіру тетіктері туралы;

—    ғылыми қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы;

—    ғалым-зерттеушінің педагогикалық және ғылыми этикасы туралы түсінігінің болуы;

2) мыналарды:

—    жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын;

—    ғылыми танымның әдіснамасын;

—    белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін;

—    ғылым мен білімнің әлеуметтік жауапкершілігін (сезінуі және қабылдауы);

—    халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кемінде бір шет тілін кәсіптік деңгейде білуі қажет;

3)мыналарды:

—    ғылыми зерттеулер үдерісін ұйымдастыруды, жоспарлауды және іске асыруды;

—    зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдауды, бағалауды, салыстыруды және қорытынды жасауды;

—    әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды талдауды және өңдеуді;

—    заманауи теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын ғылыми зерттеулерді өз бетімен орындауды;

—    ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өзінің жаңа ғылыми ойларын айтуды, өзінің білімі мен ойларын ғылыми қоғамдастыққа жеткізуді;

—    зерттеудің заманауи әдіснамасын таңдап, оны тиімді қолдануды;

—    өзінің кәсіби дамуын жоспарлауды және болжауды білуі тиіс;

4) мынадай:

—    әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды сыни тұрғыда талдау, бағалау және салыстыру;

—    ғылыми қызметте талдау және эксперимент жүргізу;

—    зерттеулер нәтижелерін жоспарлау және болжау;

—    халықаралық ғылыми форумдарда, конференциялар мен семинарларда шешендік өнер және көпшілік алдында сөйлеу;

—    ғылыми хат пен ғылыми байланыс;

—    ғылыми зерттеулер процестерін жоспарлау, үйлестіру және іске асыру;

—    зерттеу саласында жүйелі түсінік пен таңдап алынған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсете білу;

—    ғылыми іс-шараларда, іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысу;

—    басқарудағы көшбасшылық және ұжымды басқару;

—    ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметке жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарау;

—    заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып, патенттік ізденіс жүргізу мен ғылыми ақпаратты беру тәжірибесі;

—    ғылыми жаңалықтар мен туындыларға зияткерлік меншік құқығын қорғау;

—    шет тілінде еркін сөйлесу дағдысының болуы тиіс;

5) мынадай:

—    ақпараттар ағымының жедел жаңару және жедел өсу жағдайындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;

—    теориялық және эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізуде;

—    ғылыми зерттеуде теориялық және қолданбалы міндеттерді қою мен оларды шешуде;

—    белгілі бір саладағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жүргізуде;

—    тұлғааралық қарым-қатынас және адам ресурстарын басқару мәселелерінде;

—    мамандарды жоғары оқу орнында даярлау мәселелерінде;

—    ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жүргізуде;

үнемі кәсіби өсуді қамтамасыз етуде құзыретті болуы қажет.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша

PhD докторантурасының білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі 3 жыл)

Қызмет түрлері

Кредит саны

Апта саны

Жалпы сағат саны

оның ішінде

Орташа апталық жүктеме

аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар

ДӨЖ

1

Теориялық оқыту (1:2)

36

30

1620

540

1080

54,00

2

Докторлық диссертациясын орындауды қоса алғанда докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы (1:7)

28

62

3360

285

3075

54,55

3

Қорытынды аттестаттау (1:6)

5

10

525

75

450

52,50

Барлығы

69

102

5505

900

4605

4

Практика (кәсіби), оның ішінде.:

6

15

450

90

360

30,0

1) педагогикалық (1:1) + зерттеу (1:7) немесе

3

3

3

12

90

360

45

45

45

315

30,0

30,0

2) өндірістік (1:4)

6

15

450

90

360

30,0

5

Демалыс

25

6

Емтихан сессиясы (3х2 апта)

6

Барлығы (52 апта х 3 жыл — 8 апта =148 апта)

75

148

59551

990

4965

Без рубрики