Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған «KRG_80» фото байқауының есебі


АТФ кәсіби одағы 12 ақпаннан 3 наурызға дейін Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған «KRG_80» фото байқауын өткізді. Фото байқауында әуесқой фотографтар қатысып, әр қатысушы 2-3 жұмыстан ұсынды. 25 ақпаннан 2 наурызға дейін 15 ең үздік жұмыс ұсынылған көрме бірінші және бас ғимараттарының арасындағы жерасты өтпе жолында ұйымдастырылды. Жоласты өтпе жолында студенттер «Көрермендердің көзайым сыйлығы» номинациясына құрылған стендтерде өз дауыстарын берді. Біздің Университетіміздің барлық студенттері мен оқытушылары белсене қатысқан дауыс беру 2 наурызға дейін жүргізілді. Сонымен қатар жұмыстар тәуелсіз қазылар алқасымен бағаланды, оның құрамына кәсіби фотографтар мен әуесқойлар кірді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша «Гран-при» номинациясы ЭМФ 1 курсының студенті Трегубов Павелге, 1 орын АТФ 1 курс студенті Баринова Татьянаға, 2 орын ТФ 1 курсының студенті Сүлейменова Айданаға, 3 орын ЭТФ 1 курсының студенті Қарамурзин Әлібиге беріліп, «Көрермендер көзайым сыйлығы» Баринова Татьянаға берілді.

Жеңімпаздарды марапаттау ҚарМТУ 1 ғимаратының холында концертпен біргі өтті.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ҚарМТУ «Жас Орда» студенттер мен магистранттардың кәсіби одағы АТФ студенттерінің кәсіби бюросы

Без рубрики