«Қазақтың тұңғыш математигі Ә.Ә. Ермековтің өмірі және қызметі»
АТТЫ
КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТЫҢ МАСТЕР-КЛАСЫ
Кураторлық сағаттың мастер-класын ГФ кафедрасының оқытушысы Кантарбаева М.С. ГПР-11-1 тобында өткізді.
Мастер-кластқа қатысқандар: ГФ кафедрасының менгерушісі Пономарева М.В., кафедраның аға кураторы Талерчик М.П., ТЖ директордың орын басары ВР Марченко И.А., ГФ кафедрасының оқытушылары, ГПР-11-1 тобының 25 студенті.
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков туралы білген де, естіген де адамдар аз. Оның есімі Қазақ Кеңестік Энциклопедиясының беттерінде қалмады. Тарихшылар ол туралы айтпады. Тек математиканың тарихы, Қазақстандағы математика білімі және ғылымы мәселелерін зерделеп жүрген математиктердің ғана Ә. Ермеков тегіне көздері жиі түсетін. Ә. Ермеков Октябрь революциясынан кейін бірден республикадағы орта оқу орындарының, ал сонан соң жоғары оқу орындарының да белсенді ұйымдастырушыларының бірі болды, оларды құрып қана қоймай, сонымен бірге оларды басқарды, әрі оларда математика бойынша сабақ берді. Зерттеушілер 1935 ж. өзінде-ақ 10 мың дана таралыммен шыққан, қазақ тіліндегі жоғары математика бойынша алғашқы оқулықты тапты. Сол жылдары қазақ алфавитінің латиница негізінде құрылғаны белгілі. Сондықтан оқулық жазу үшін зерделенетін пәннің сәйкес терминологиясы болуы тиіс еді. Ә. Ермеков 1932-1936 жж. осы проблема бойынша қарқынды жұмыс істеді. Халық ағарту комитетінің арнайы тапсырмасы бойынша ол басқарған математиктер тобы (Н. Бакаев, Р. Бөкейханов, Р. Маскеев) математика терминологиясы бойынша бірнеше бюллетеньді сәтті әзірлеп, жариялады. Бірақ жуырдағы уақытқа дейін математиканың әр түрлі бөлімдері бойынша шығарылған бірде-бір оқулықта, бірде-бір терминологиялық сөздікте Ә. Ермековтің есімі мүлде еске алынбайды. Барлығына Ә. Ермековтің кезінде «Алаш» партиясының басшылығына кіргені себеп болған еді.
Ә. Ермеков – революцияға дейін Томск технологиялық институтында жоғары инженерлік-техникалық білім алған тұңғыш қазақ, жоғары математика бойынша қазақ тіліндегі алғаш оқулықтың авторы, қазақ ғылыми математика терминологиясын құрудың және дамытудың бастамашысы.
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков 1891 ж. Бөріктас деген жерде туылған, қазір ол жер Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының «Кызыларай» кеңшарына қарайды (100 жыл бұрын бұл аумақтар Семей губерниясына тиесілі болған).
Ә. Ермеков Қарқаралы қалалық училищесінде сегіз жасында оқуын бастап, оны 1905 ж. үздік бітіреді. Сонан соң ол Семей гимназиясына оқуға түсіп, оны 1912 ж. алтын медальмен бітіреді. Сол жылы аттестаттар конкурсы бойынша Томск технологиялық институтына қабылданады. Сібірдің Томск қаласының ерекшелігі — бұл жерде Ресейдің жер аударылған прогрессивті қайраткерлерінің, тамаша орыс ғалымдарының көп болуы. Ең алдымен, Ә. Ермеков Қазақстанды, Сібірді, Қытайды зерттеуші, көрнекті орыс саяхатшысы, этнограф, публицист және фольклорист Шоқан Уәлихановтың және бүкіл қазақ халқының досы Григорий Николаевич Потанинмен танысады. Біртіндеп оның танысу шеңбері кеңейе түседі. Бұл — жазушылар В.Я. Шишков, В.М. Бахметьев, философ-марксист Е. Дволейский, революционер Н. Бауэр. Ә. Ермеков олардың құпия үйірмелерінің белсенді мүшесі болады. Бірақ Ә. Ермековтің дүниетанымын қалыптастыруда тамаша тарихшы, этнограф, археолог, публицист және фольклорист Н.М. Ядринцев ерекше роль атқарады. Оның «Сибирь как колония» (СПб., 1883 ж.) кітабы Ә. Ермековте ұмытылмас әсер қалдырады. Ойы ұтқыр жас Ә. Ермеков Сібір мен Қазақ даласы арасында параллель жүргізе алатын және өзінің туған өлкесіне қатысты өзіндік державаның пайдаланылушылық мәнін әбден түсіне алар еді.
Сондықтан ол 1917 ж. революциялық процестерді және В.И. Лениннің жетекшілігімен большевиктердің Ресей империясының езілген халқына бостандық беру ниетін еш ойланбастан қолдады. Ә.Ә. Ермеков Томск қ. оқыған жылдары революционер В.М. Косаревпен жақынырақ танысады, ол 1917-1918 жж. Сібірде РКДРП ОК (б) тұрақты төрағасы болған, ал 1918 ж. наурыздан бастап Батыс Сібір ревкомының төрағасы болып табылды, ол кезде оның құрамына Семей губерниясы кіретін. Л. Косаревтің ұсынысы бойынша Ә. Ермеков Семей губревкомының құрамына енгізілді. Осылайша, оның туған өлкесіне Кеңес үкіметін — кейіннен оларды қуғын-сүргінге ұшыратқан, лагерьлерге жер аударған, түрмелерге жапқан Кеңес үкіметін — орнату және нығайту бойынша революциялық қызметі басталды.
Өз өмірінің келесі өте маңызды бөлігі жайында Ә. Ермеков «Моя встреча с Лениным с 1920 г.» естеліктерінде жазған. 1919 ж. күзінде Қазақстан өлкесін басқару бойынша Әскери-революциялық комитет ұйымдастырылған болатын, оның құрамында: Пестковский — төрағасы, Жангелдин, Меңдешев, Айтиев, Арганчеев, Қобайдолла және Әлиасқар Әлібековтер, Б. Қаратаев, Тұңғашин М., Бегімбетов және т.б. болды. Семей губревкомын қайта құрылған Қазәскери- ревкомға қайта бағындыру туралы мәселе тұрды. Осы мәселені шешу үшін 1920 ж. мамыр айының басында Ә. Ермеков онда Қазәскериревком болған және Қазақ республикасының ұйымдастырылу және қалыптасу сәтінде уақытша орталығы болған Орынбор қ. іссапарға жіберілді. Семей және Ақмола облыстарын қосу туралы мәселені талқылау кезінде оның құрамына Қазақ өлкесінің барлық облыстарын қосу арқылы болашақ автономдық республика-ны бекіту және оның шекаралары туралы мәселе көтерілді.
Осы үлкен жұмысты жүргізу үшін Қазәскериревком Ә. Ермековті жалпы алғанда Қазақстанның жағдайы туралы баяндау үшін, әсіресе, шекаралардағы мәселе бойынша Мәскеу қ. іссапарға жіберді. Ә. Ермеков Қазәскериревком өкілеттігі алқасының төрағасы болып тағайындалады және әрі қарай БОАК Төралқасының қаулысымен Қазәскериревком мүшесі болып бекітіледі. Осы құжатпен Қазәскериревком құрамына Ақмола облысынан Сәкен Сейфуллин қосылған болатын. Мәскеудегі жұмыс төрт айға созылды. Ә. Ермеков өзінің баяндамасында басты назарды болашақ республиканың шекараларын анықтау кезінде үлкен мәні болған, аса күрделі, шатысқан мәселе — жер мәселесіне аударды. Патша үкіметі кезінде өзендердің, көлдердің жағасында, орман массивтерінің жанында орналасқан ең жақсы жерлер, қара топырақты жердің үлкен телімдері қазақ халқының пайдалануынан тартып алынды. Сондай-ақ ауқымды бөліктер мал өсіру кәсібіне берілді. Осындай жерлердің бірі Ертіс бойындағы 10 шақырым жолақ болды.
Столыпин реформалары деп аталған сол жылдары, Ресейден Қазақстан аумағына жарты миллионға жуық адам қоныс аударғанда қазақ жерлерінің тартып алынуы күшейді. Ертіс бойындағы он шақырым жолақ 1904 ж. Сібір казактарының иелігіне берілді. Ә. Ермеков бұл жағдайларда қазақ халқы оларды қуып жіберген басқа жерлерде орналаспай тұрып, өздерінің меншікті, ата-бабаларының жерлерін жалға алушы болып қалып, мал баққандары үшін орасан зор сома төлеп, үй жалшылары және малшылар ретінде шаруашылық атқарып жүріп, барынан жылдам айырылып, батрақтарға айналды. Тіпті іс қазақтар қайтыс болған адамның мәйітін жерлейтін орын үшін, 18-29 сомға дейін алтынмен жалға төлегенге дейін жетті. Осыған байланысты Ә. Ермеков қазақ халқының пайдалануынан тартып алынған жерлерді болашақ Қазақ республикасына бекіту туралы ұсыныс енгізеді де, жергілікті қазақ және отырықшы орыс халқының белгілі жерге орналасуын жүргізгенге дейін ішкі Ресейден қоныс аударуды тоқтата тұруды сұрайды. Астрахань облысының қарамағында болған, Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы 70 шақырым жолақты қайтару туралы мәселе әсіресе өткір қойылды. Ақырында ол Қазақстанның сол кездегі Гурьев облысының құрамына берілген болатын.
Жоғарыда айтылғаннан Ә.Ә. Ермековтің қандай көреген болғаны көрініп тұр. Қазақстандағы темір жолдардың ұзындығының өте мардымсыз екендігін, сондықтан үлкен темір жол құрылысы қажет болатындығын да айтқан — Ә.Ермеков. Түрксибтің, Мойынты-Шу, Ақмола-Қарталы темір жол магистральдарының құрылысын еске түсірейік. 1920 ж. 24 тамызда Автономдық Қазақ Республикасы туралы Декрет жобасы жайындағы мәселе бойынша РКФРО Кеңестік халық комитетінің қорытынды мәжілісі болды, мұнда Ә. Ермеков осы мәселе бойынша баяндамашы болды. Декреттің жобасы 1920 ж. 26 тамызда қабылданды және халықтан қолдау тапты. Бұл күн қазақ халқының өміріндегі бұрылыс болды. Сол 1920 ж. 23 шілдеден 7 тамызға дейін Мәскеуде Коминтерннің екінші Конгресінің мәжілісі өтті. Ә. Ермековтің осы мәжілістерге қонақ ретінде билеті болды. РКП (б) делегациясының құрамына В.И. Лениннің жетекшілігімен партия мен үкімет басшылары кірді. Ә. Ермеков Коминтерннің 2-ші Конгресінде РКФРО Компартиясының құрамында Тұрар Рысқұловтың болғанын есіне түсіреді. 1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда Қазақ Автономдық Кеңестік Социалистік Республикасының (1936 ж. бастап одақтық республикасының) құрылуын жариялаған, I-ші Бүкілқазақстандық кеңестер съезі өтті. Әрі қарай Қазақстанның құрамына республиканың қазақтар мекендеген солтүстік және оңтүстік облыстары кірді.
Сөйтіп, Әлімхан Әбеуұлы Ермеков қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігін құруға, бір республикада бүкіл қазақ жерін біріктірудің аяқталуына тікелей қатысты. Бүгінгі күні біз оның өз халқының алдындағы азаматтық парызын абыроймен орындағанын еске аламыз.
1921 ж. Ә. Ермеков Қарқаралыда екі сатылы мектеп пен педагогикалық техникум ашты. Осы орта оқу орындарын болашақ ҚР ҒА академигі О.А.Жәутіков, ҚР ҒА корреспондент мүшесі А.Ж. Машанов, ғалым және мемлекеттік қайраткер А. Сембаев, генерал-майор К. Бошаев және басқалар бітірген. Қарқаралыда Ұлытау, Баянауыл, Балқаш шалғай жерлерінің балалары оқытылды. Бастауыш мектептер енді Кент, Қызыларай және Тоқырау болыстарында ашылды.
Мұнда, атап айтқанда, Ә. Ермековтің 1921 ж. Қаныш Имантайұлы Сәтпаев-ты Баянауылда геология ғылымдарының магистрі, кейінірек академигі Михаил Антонович Усовпен кездестіргенін атап кету керек. 1925 ж. Ә. Ермеков Семейге шақырылады және губерния атқару комитетінің Мемлекеттік жоспары төрағасының орынбасары болып тағайындалады. Сонан соң Орынборда Қазақстанның Мемлекеттік жоспарының төрағасы болып табылады және бір мезгілде өнеркәсіп секциясын басқарады. 1926 ж. Қазақ АКСР ОАК VI-ші шақырылымының мүшесі, ал 1929 ж. ОАК VII шақырылымының мүшесі болып сайланды. Бірақ Ә. Ермековтің осы қызметі баспада жарияланбаған дерлік, сондықтан оның Қазақстанның халық шаруашылығын дамытуға қатысқанының шынайы бағасын беру мүмкін емес.
Аздаған мамандардың бірі ретінде Ә. Ермеков онда алдымен Ташкентте, ал сонан соң Алматыда Қазақ жоғары педагогикалық институты ашылған ЖОО-лардағы жұмысқа қатыстырылды. Ол Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ мемлекеттік университетінде, Алматы зооветеринарлық институтында доцент ғылыми атағын иеленіп, математика кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1935 ж. КСРО ЖАК оған математика профессоры ғылыми атағын береді. 1934 ж. Қазақ кен-металлургия институты ұйымдастырылады да, Ә. Ермеков оған жоғары математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі қызметіне жіберіледі және бір мезгілде жалпы техникалық факультеттің деканы болып қызмет етеді. Сол кезде ол ғылыми математика терминологиясын әзірлеу және қазақ тілінде жоғары математика бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын құрумен айналысады.
1937 ж. күзде қуғын-сүргіндер толқындары Алматыға да жетті. Ә. Ермеков-тің достары, профессорлар Санжар Аспандияров, Құдайберген Жұбанов, халық ағарту комитетінің төрағасы Темірбек Жүргенов тұтқынға алынды. Ә. Ермеков Мәскеуге кетіп, Куйбышев жоспарлау институтының математика кафедрасының меңгерушісі қызметіне жолдама алады да, онда 1938 ж. 17 наурызына дейін жұмыс істейді. Бірақ оның сыртынан жалған сөздер айтылып, оны тұтқынға алады. 1947 ж. Ә. Ермеков түрмеден босатылып, КСРО ЖОО Министрлігімен математика кафедрасының меңгерушісі ретінде Шымкент химия-технологиялық институтына жіберіледі. Мұнда ол көп уақыт жұмыс істейді. Оны қайтадан ҰІІК тұтқындайды. Осы кезде ол 1955 ж. түрмеден шығады. Кейіннен, 1957 ж. Ә. Ермеков ақталды. Осы кезде ол Қарағандыда тұрғылықты мекен-жайға орналасады, онда Қарағанды политехникалық институтында жоғары математика пәнінен сабақ береді. Ә. Ермеков 1970 ж. 22 маусымда 79 жасында көз жұмды. Ә. Ермековті жерлегенде ҚР ҒА академигі Е.А. Бөкетов жан тебірентер сөздер айтты. Осылайша, ол туралы бірнеше рет «тұңғыш» деп айтылған, өзінің 17 жылын түрмелерде — құрылуына өзі белсене қатысқан мемлекеттік құрылыс түрмелерінде — өткізген, қазақ халқының тамаша ұлдарының бірі өмірден өтті.
Ә.Ә. Ермеков көптеген шәкірттерін қалдырды, олар кейіннен белгілі мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, ғылым, халық ағарту ісі, мәдениет қайраткерлері болды. Октябрь революциясынан кейінгі кезеңде Әзербайжанда Э. Эфендиев, Өзбекстанда Т.И. Кары-Ниязов көрнекті ағартушылар болса, Қазақстанда Ә.Ә. Ермеков болды. Әлімхан Әбеуұлы Ермеков жан-жақты білімді, кең парасатты және жоғары мәдениетті, орасан зор беделді адам болған.