2014 ж., ақпан айының 11-14 аралығында Париж қаласында Францияның пісіру институтында INSTITUT DE SOUDURE International Institute of Welding (IIW) Халықаралық пісіру институтының қысқы Ассамблеясының отырыстары өтті. Оның ішіндегі отырыста Қазақстан пісіру институты және KAZWELD Қазақстан пісіру бірлестігінің қызметі туралы есеп тыңдалып, қабылданды.
2014 ж., мамыр айына IIW бағдарламалары бойынша оқыту және аттестациялауды өткізу құқығына ие болу үшін Қазақстан пісіру институты мен KAZWELD Қазақстан пісіру бірлестігін тексеру және аккредиттеу үшін Халықаралық пісіру институтының аудиторлар сапары жоспарланған.
— Халықаралық пісіру инженері;
— Халықаралық пісіру технологы;
— Халықаралық пісіру маманы
— Халықаралық практик-пісіруші;
— Халықаралық пісіруші.
Қазіргі таңда Қазақстан пісіру институты мен KAZWELD Қазақстан пісіру бірлестігі «Халықаралық пісіру инженері» 2-тобына оқуға талапкерлерді және құжаттарды қабылдайды. Оқу Қазақстан Мұнай және газ Министрлігінің келісімшарт агенттігінің есебіне төленеді. Сондықтан басымдық осы саланың жұмыскерлеріне беріледі. Одан басқа, Халықаралық пісіру институтының талаптары бойынша талапкердің 3 жылдан кем болмайтындай тәжірибесі және пісіру өндірісі, металлургия немесе машина жасау бойынша жоғары білімі болу керек. Курс басталуы 2014 ж., 7 сәуірге жоспарланады. Курс ұзақтығы – көктем мезгілінде 1,5 ай, 1 қазаннан бастап 1,5 ай.