Еуропалық одаққа кіретін (Болгария, Ұлыбритания, Германия, Италия, Кипр, Литва, Польша, Франция) және АҚШ, Болон процесіне қатысушы-елдердегі 2014 жылдың АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖИНАҚЫЛЫҚ аясында шет елде оқуға КОНКУРС жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін 2014 жылдың 3-наурызына дейін Халықаралық байланыстар бөліміне өтініш берулерініз қажет.
Үміткерлерді шет елге оқуға жіберу үшін тәуелсіз комиссия құрамы бекітіліп, іріктеу жүргізіледі.
Іріктеудің негізгі талаптары:
– орта білімі туралы құжаттың орташа балы және/немесе академиялық кезеңді аяқтауы бойынша ағымдық үлгерімі (транскрипт);
– шет тілін білу деңгейі;
– Университет және факультеттің ғылыми және мәдени өміріне белсенді түрде қатысуы.
Конкурс 4 кезеңнен тұрады:
1) құжаттарды қабылдау;
2) тілдік сынақтама;
3) психологиялық сынақтама;
4) комиссия мүшелерімен ағылшын тілінде әңгімелесу.
Кандидаттар 2014 жылдың 10-наурызына дейін Халықаралық байланыстар бөліміне мынадай құжаттарды тапсырады:
1) транскрипт (факультет деканатынан алынады);
2) шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, DAF), егер болса.
3) өтініш (еркін түрде жазылады, алайда 2 беттен аспауы қажет (А4 форматы), шрифт Times New Roman, 14 кегель, интервал бір жарым);
4) мадақтама, сертификат, диплом, мақтау қағаздарының көшірмесі, егер болса.
Тәуелсіз комиссияның шешімі бойынша үздік студенттер тілдік, психологиялық сынақтамаға және сұбаттасуға шақырылады.
Қосымша мәліметтер үшін
Халықаралық байланыстар бөліміне хабарласыңыздар (бас ғимарат, 309 а кабинеті).
Байланыс телефоны: 567598, ішкі 2048
ХББ жұмыс уақыты: 8.30 дан 17.30 дейін (түскі үзіліс: 12.30 дан 13.30 дейін)