Құрметті ҚарМТУ-дың студенттері мен магистранттары!!!


78

Еуропалық одаққа кіретін (Болгария, Ұлыбритания,  Германия,  Италия,  Кипр,  Литва, Польша, Франция) және АҚШ, Болон процесіне қатысушы-елдердегі 2014 жылдың АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖИНАҚЫЛЫҚ аясында шет елде оқуға КОНКУРС жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін 2014 жылдың 3-наурызына дейін Халықаралық байланыстар бөліміне өтініш берулерініз қажет.

Үміткерлерді шет елге оқуға жіберу үшін тәуелсіз комиссия құрамы бекітіліп, іріктеу жүргізіледі.

Іріктеудің негізгі талаптары:

— орта білімі туралы құжаттың орташа балы және/немесе академиялық кезеңді аяқтауы бойынша ағымдық үлгерімі (транскрипт);

шет тілін білу деңгейі;

Университет және факультеттің ғылыми және мәдени өміріне белсенді түрде қатысуы. 

Конкурс 4 кезеңнен тұрады:

1) құжаттарды қабылдау;

2) тілдік  сынақтама;

3) психологиялық сынақтама;

4) комиссия мүшелерімен ағылшын тілінде әңгімелесу.

Кандидаттар 2014 жылдың 10-наурызына дейін Халықаралық байланыстар бөліміне мынадай құжаттарды тапсырады:

1)    транскрипт (факультет деканатынан алынады);

2)    шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, DAF), егер болса.

3)    өтініш (еркін түрде жазылады, алайда 2 беттен аспауы қажет (А4 форматы), шрифт Times New Roman, 14 кегель, интервал бір жарым);

4)    мадақтама, сертификат, диплом, мақтау қағаздарының көшірмесі, егер болса.

 Тәуелсіз комиссияның шешімі бойынша үздік студенттер тілдік, психологиялық сынақтамаға және сұбаттасуға шақырылады.

 

 

Қосымша мәліметтер үшін

Халықаралық байланыстар бөліміне хабарласыңыздар (бас ғимарат, 309 а кабинеті).

Байланыс  телефоны: 567598, ішкі 2048

ХББ жұмыс уақыты:  8.30 дан 17.30 дейін (түскі үзіліс: 12.30 дан 13.30 дейін)

Без рубрики