ЛЭЙН КИРКЛАНД атындағы стипендиялық бағдарлама


БезымянныйБағдарламаны іске асыру барысында стипендиаттар Польшаның жоғары оқу орындарында оқып (2  семестр) және мемлекеттік мекемелер немесе жеке ұйымдарда 2-4 апталық машықтанудан өтеді.

Мамандықтар:

• экономика және менеджмент;

• басқару / менеджмент (бизнес, ҮЕҰ, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық қорғау);

• мемлекеттік басқару (мемлекеттік өкімет және өзіндік басқару органдары);

• бизнес басқару;

• құқық;

• қоғамдық ғылымдар (әлеуметтік психология, әлеуметтану);

• саясаттану және халықаралық байланыс;

• даму саясаты және гуманитарлық көмек.

Талапкерлер:

2014/2015 жылы Киркланд Бағдарламасы келесі кәсіби топтардың өкілдеріне арналған:

• сарапшылар, саясаткерлер, мемлекеттік өкімет және өзіндік басқарма қызметкерлері;

• кәсіпкерлер, менеджерлер;

• үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, мәдениет қызметкерлері және қоғамдық қайраткерлер;

• ЖОО оқытушылары;

• тілшілер.

Толық ақпаратты http://www.kirkland.edu.pl/images/Ogloszenie_pdfy/KIRKLAND_PROGRAM_-_info_RUS.pdf сайтынан алуға болады.

Без рубрики