«Ең үздік жас метролог 2014» байқауы


Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар Техникалық реттеу және метрология комитеті «Ең үздік жас метролог 2014» атты байқауын өткізу туралы жариялайды.

Метрологиялық қызмет, жоғары оқу орындар, ғылыми және басқа ұйымдардың метрологиялық қызмет саласында қызмет атқаратын, жоғары білімі бар жас мамандарды (35 жастан жоғары емес) эәне жоғары оқу орындарының ақырғы курс студенттерін Байқауға қатысуға шақырамыз.

Ғылыми жұмыстардың байқауға қатысуға келесі тақырыптар бойынша жіберіледі:

1) жалпы және заң шығарушы метрология;

2) өлшеулер теориясы;

3) үлгісі мен құралдары;

4) физика, химия және басқа өлшеу түріндегі салалардағы зерттеулер;

5) ақпараттық технологиялар мен жүйелер.

Байқау екі кезеңде өтеді: 1 кезең – ұсынылған ғылыми жұмыстарды комиссиямен бағалау, 2 кезең –ұсынылған ғылыми жұмыстар бойынша байқаудың бірінші кезеңінен өткен талапкерлерді тыңдау.

Байқау нәтижелері бойынша «Ең үздік жас метролог 2014» атағына ие болған және екінші және үшінші орындарына ие болған жеңімпаздар анықталады.

Байқау жеңімпазы бірініші дәрежедегі дипломмен, бағалы сыйлықпен және Қазақстанды «Ең үздік жас метролог КООМЕТ» аймақтық байқауында көрсетуге мүмкіндікке ие болады. Байқау жүлдегерлері екінші және үшінші дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

Байқау нәтижелерін жасау дәне жеңімпаздарды марапаттау 2014 ж., 20-шы мамыр күні Дүниежүзілік метрология күніне арналған іс-шараларында өтеді.

Байқауға қатысу үшін ұйымдастырушы адресіне келесі материалдар жіберіледі:

1)      «Ең үздік метролог» байқау өткізудің ережелерінің Қосымша 1 формасынап сәйкес сұраныс (Ережелер) (қар. сайтwww.memst.kz, www.kazinmetr.kz, бөлім «Жаңалықтар»);

2)      Қазақ және орыс тілдерінде Баяндаманың электрондық түрі және ережелерінің Қосымша 2 талаптарына байланысты ресімделген баяндаманың екі данасы;

3)      Қатысушының ғылыми және практикалық қызметі туралы ақпарат;

4)      Байқауда қатысудағы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің немесе ұйым жетекшісінің қатысу жөніндегі ұсынысы;

5)      Ғылыми кеңестің немесе ұйым комиссиясының ашық баспаға әзірлеудегі баяндаманы жариялау мүмкіндік жөніндегі сарапшылық тұжырымы.

Байқауға қатысуға құжаттар 2014 ж., наурыз айының 1-не дейін 010000 Астана, Орынбор көшесі, 11, Эталондық орталық, Қазақстан Республикасы Индустрия және Жаңа технологиялар Министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті.

Толық ақпаратты (7172) 79-32-83, 79-32-84 факс: 44-64-35, e-mail: kazinmetr96@mail.ru тел. арқылы алуға болады.

Без рубрики