Бес жылдық үзілістен кейін ҚарМТУ тобы ЖОО студенттері арасында ACM ICPC – 2014 бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының жартылай финал жарыстарына қатысты.
2013 ж., 30-шы қарашадан 1-ші желтоқсанға дейін Санкт-Петербург, Барнаул, Тбилиси және Ташкентте ACM ICPC студенттік бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының жартылай финалы Солтүстік-Шығыс еуропалық аймағында өтті. ТМД және Балтия мемлекеттерінің ең үздік топтары Екатеринбургта, маусым айында өтетін ACM ICPC — 2014 бағдарламалау бойынша Әлем чемпионатының финалында өз университетінің мүддесін білдіруге жарысты.
И.И.Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінде жарыстарға Батыс және Шығыс Сібірден, Алыс Шығыс, Қазақстан және Қырғыстаннан 55 топ қатысты. ҚарМТУ-ды Геккель Екатерина (ИС-11-2), Котов Андрей (ВТ-10-2), Залуцкий Александр (СИБ-12-2) құрамына кірген KSTU Researchers тобы мүддесін қорғады.
ACM ICPC — 2014 бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының жартылай финалында ҚарМТУ демеушісі болған EPAM Systems компаниясына алғысымызды білдіреміз. EPAM Systems компаниясының ғана қолдауы біздің тобымызға Барнауылда өткен жарытарға қатысуға мүмкіндік берді.