2013 ж., желтоқсан айының 7-сі 14.00-ден 17.00-ге дейін Н.Әбдіров атындағы Спорт сарайында (мәжіліс залы, 2 қабат) жастарға арналған бос жұмыс орындарының облыстық жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты орта мамандандырылған және жоғары оқу орындарының түлектері санынан Қарағанды облысының жастарын жұмыс орнымен қамтамасыз етуге жағдай жасап, практикалық көмек көрсету болып табылады.
Іс-шараға мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер, бизнес-бірлестіктер, жұмыссыз жастар, орта мамандандырылған және жоғары оқу орындарының бітірушілері, ЖОО және ОМОҚ өкілдері қатысады.