Құттықтаймыз!


2013 жылдың  17-20 қазан аралығында Мәскеу қаласында «Ассамблея — 2013» YIII Халықаралық Шығыс Билері Фестивалі өтті,  оған 500 шақты Рессей, Украйна, Белоруссия, Латвия, Қырғызстан және Қазақстаннан өнер иелері қатысты. «Ассамблея» — Рессейдегі ең беделді және құрметке ие фестиваль, бұл қарын биіне арналған. Жол-көлік институтының  ТТ-10-2 тобының студенті Куприянова Дарья 5 номинация бойынша өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, балл қорытындылары бойынша  құрметті 3- орынға ие болды. Қатысушылардың өнерін төрешілер төмендегідей критерилер бойынша бағалады:

  • Кейіпкер (даралық, сырт келбетінің тартымдылығы, киімінің сәнділігі, киімінің таңдаған үлгісіне сай болуы)
  • Техника (орындау техникасы мен эстетикасы, қиындық деңгейі)
  • Ритмді сезінуі
  • Қойылымы (таңдаған әуенге байланысты қойылым, композиция байлығы, хореграф  жұмысының бағалануы)
  • Актерлік шеберлігі (көрерменмен жұмыс істеуі, әуенмен орынадаушылығының мазмұндық сәйкестігі)
  • Даралылық ( орындаушылықтағы өзіндік стилі)
  • Жалпы әсері

Төрешілер алқасы құрамында Египет, Сирия, Бразилия, Венгрия мен Рессейден сарапшылар болды. Олардың ішінде рессейлік аңыз bellydance – Nour (Египет-Рессей), сириялық танымал әнші Yasser Alswery,   қарын биіне шақырылған халықаралық жұлдыздар – Сурайя (Бразилия), Мерсидес Нието (Венгрия), Хатем Хамиди (Египет).

Фестиваль аясында әлемдік bellydanceнің жетекші педагогтары оқу сабақтарын өткізді және қызықты концерттік бағдарлама болды.

Куприянова диплом 3 место

Без рубрики