«Құрметті студент»


 Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56

Тел./факс: 56-88-01

E-mail: kargtu@kstu.kz      

Ақпараттық хабарлама

www.kstu.kz     

10 қыркүйек  2013 жыл

  

Құрметті редакторлар мен тілшілер!

 

2013 ж., қыркүйек айының 12-сі ҚарМТУ бас ғимаратының акт залында Ғылыми Кеңестің кеңейтілген отырыс шеңберінде Қарағанды облысының дамуына үлкен үлес қосқан ҚарМТУ-дың 18 бітірушілеріне «құрметті студент» атағы беріледі. ҚарМТУ «Құрметті студент» атағына Қарағанды қаласының әкімі М.А.Смағұлов, қала маслихатының хатшысы К.Н.Оспанов, «Қазақмыс» КЛМЗ корпорациясының бас директоры Г.Т.Омарханов, ҚР МИНТ департаментінің бастығы У.К.Ержанов, ҮКШ облыстық басқармасының бастығы С.В.Қасымов және басқалар ұсынылған.

ҚР көмір өнеркәсібінің жұмыскерлер кәсіби одағының орталық комитетінің ережесімен отырыста ҚарМТУ ректоры А.М.Ғазалиев және «Энергетика» кафедрасының профессоры К.Б.Кызыров «III деңгейдегі Шахтер даңқы» белгісімен марапатталады.

Ғылыми Кеңесте ҚарМТУ ректоры, ҚР ҒҰА академигі А.М.Ғазалиев 2013-2014 оқу жылына білім қызметтерінің инновациялық дамуы бойынша бастапқы міндеттері бойынша баяндамамен сөз сөйледі. Сонымен қатар ҚарМТУ-дың бірінші проректоры А.З.Исағұлов, оқу ісі бойынша проректор В.В.Егоров өз баяндамаларын ұсынады.

Отырыстың басталуы сағат 15.30-да.

Без рубрики