2013 жылы 14 маусымда «Назарбаев Университет» АҚ мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті

Қарағанды қ.,Бейбітшілік бул., 56

Тел./факс: 56-88-01

Email: kargtu@kstu.kz

Ақпараттық хабарлама

www.kstu.kz  

14 маусым 2013 жыл

 

 

Құрметті редакторлар мен журналистер!

 

2013 жылы 14 маусымда «Назарбаев Университет» АҚ мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум мақсаты – төмендегілерді қамтитын ортақ ғылыми зерттеулер мен білім беру жобаларын дамыту:

  • студенттермен, ғылыми ақпаратпен алмасу және ҒЗТКЖ өткізу;
  • инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу;
  • ғылыми семинарлар, тұсаукесерлер және дөңгелек үстелдер және т.б. ұйымдастыру және өткізу.

Меморандум Қазақстанның жетекші ЖОО-ларының материалдық-техникалық базасын және инновациялық жобаларын, ғылыми-педагогикалық әлеуеттерін зерттеу жөніндегі бөлімше жетекшілері мен ғалымдардың жұмысшы тобы өкілдерінің өзара ресми сапарларының нәтижесі болып табылады және дайындық кезеңнің аяқталуы мен өзара пайдалы серіктестіктің жаңа кезеңінің бастамасын білдіреді.

Қарастыру мен жобалау кезеңінің өзінде-ақ ғалымдар мен мамандар: ҚР Құрметті құрылысшысы, профессор А.С.Жакулин және ҚР Құрметті сәулетшісі, доцент С.А.Лебедев ҚР Білім және Ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Назарбаев Университет бірегей кешенінің құрылыс жобасының сараптамасына қатысты. ҚарМТУ жанындағы Қазақстандық көпсалалы Қайта құру және даму институтының мамандары ҚР Құрметті құрылысшысы, профессор Н.С.Нүгіжинов жетекшілігімен Назарбаев Университеттің техникалық тұрғыдан күрделі объектілерінің қатарын салуды ғылыми-техникалық сүйемелдеуге белсене ат салысты.

2011 жылы 15 тамызда ҚарМТУ-да «Назарбаев Университет» АҚ «Энергетикалық зерттеулер орталығымен» жаңа технологияларды жасау және қолданыстағы технологияларды жетілдіруге бағытталған іргелі және қолданбалы сипаттағы зерттеулерді, сондай-ақ, бірлескен әзірлемелердің нәтижелерін коммерциялау және енгізу арқылы инновациялық қызметті бірлесе өткізу мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2013 жылы 23 ақпанда ҚарМТУ-да «Назарбаев Университет» АҚ Инженерия мектебінің өкілдері қатысуымен ҒЗТКЖ және инжиринг саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

2013 жылы 19 наурызда Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ғалымдарының делегациясы жауап сапар ретінде «Назарбаев Университет» АҚ барды. Энергетикаылқ зерттеулер орталығы және Инженерия мектебінің мамандарына ЭКСПО-2017 – «Болашақ энергиясы» және «жасыл» экономикаға ауысуға дайындық шеңберінде орындалған ҚармТУ-дың 27 инновациялық әзірлемелері, оның ішінде, «Қарағанды метаны», «Пларонды реакторлар негізіндегі өнеркәсіптік газдарды тазалау қондырғылары», «Автономиялық гидрожылытқыш қондырғылар», «Теңгерімнен тыс көмір негізінде сорбенттер мен гуминді препаратттарды өндіру», «Қазақстандағы пассивті үй» және т.б. әзірлемелері көрсетілді.

2013 жылы 12 маусымда Назарбаев Университеттің Трансляциялық медицина департаментімен қартаю процесін тежеуге арналған гепатопротекторларды әзірлеу саласында бірлесе зерттеу жүргізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Осылайша, Меморандум Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаев бекіткен Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесін дамыту жөніндегі басым міндеттерді орындау бойынша ҚарМТУ мен Назарбаев Университеттің бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын іске асыру процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

 

Без рубрики